Шымкент: Тұрақты әрі тиімді энергетикалық жүйе құру жолында

26 шiлде, 14:37


Шымкент сияқты ірі мегаполисті электр жарығы және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесін қала әкімдігі басты назарда ұстайды. Осы орайда Шымкент қаласының әкімі Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі электр компаниясы Alageum Electric директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясовпен кездесті. Кездесуде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ондағы басты мақсат – Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін тұрақты әрі тиімді энергетикалық жүйе құру.
Шаһарда тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз етуде біраз қиындықтар бар. Өйткені Шымкенттегі трансформаторлардың басым бөлігі 1970 жылдары іске қосылған. Жыл өткен сайын қала үлкейіп, жаңа шағын аудандар мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатыр. Соған орай электр желілеріне де жүктеме артатыны белгілі. Ал ескі трансформаторлардың қуаты жеткіліксіз, әсіресе жауын-шашын кезінде тұрғындарды әбігерге түседі. Сондықтан қаланы сапалы әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі бірінші орында тұр.
Қазіргі таңда Alageum Electric компаниясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қала әкімдігіне қарасты 300-ден астам ескі трансформаторларды ауыстырып, күрделі жөндеу жүргізу жұмысын өз міндетіне алды. Бұдан бөлек, қаланы электр қуатымен қамтамасыз етуде негізгі артериялардың бірі саналатын «Бозарық» қосалқы стансасындағы трансформаторлар да жөндеуден өтеді.
Аталған мәселелерді ескеріп, қала әкімі кездесуде мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуында бизнестің маңызды рөл атқаратынын айтып, компания басшылығына маңызды жобаларды жүзеге асырудағы белсенді ұстанымы үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ Шымшаһарды көгілдір отынмен үздіксіз жабдықтау да қалыс қалмауы қажет. Осы мәселе жөнінде Ғабит Сыздықбеков «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовпен кездесті. Кездесуде газ саласындағы ынтымақтастық және индустриялық аймақтардағы жаңа инвестициялық жобаларды газбен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Қазіргі уақытта Шымкентте табиғи газбен қамту деңгейі 96 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін тағы жеті тұрғын алап пен шағынауданды газбен қамту жоспарланып отыр. Бірқатар инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқан индустриялық аймақтарда өңдеуші кәсіпорындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясын салу мүмкіндігі де қарастырылды.
Қала басшысы сондай-ақ газ саласы мамандарының біліктілігін арттыру, кәсіби қайта даярлау және біліктілігін растау бойынша “QazaqGaz” корпоративтік оқу орталығының ашылуына қатысты.
Бұған дейін әкімнің тапсырмасы бойынша газ жабдықтары мен инженерлік жүйелерді пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қалалық газ техникалық қызметі құрылған болатын.
Осыған байланысты шаһар басшысы салалық басқарма басшылығына газ техникалық қызметі мен газды пайдаланатын барлық ведомстволық ұйымдардың қызметкерлерін осы оқу орталығында оқытуды ұйымдастыруды қолға алуды тапсырды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

30 тамыз, 23:58
Түркістан: Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес өтті
30 тамыз, 23:55
Түркістан полициясы Конституция күнін атап өтті
30 тамыз, 23:53
Түркістан облысында Конституциямен құрдас 140-тан астам полицей қызмет етеді
30 тамыз, 23:51
Түркістан полициясы Конституция күніне орай бірқатар іс-шара өткізді
30 тамыз, 1:50
Түркістан: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
28 тамыз, 19:46
Түркістан: Мереке қарсаңында 180-нен астам полиция қызметкері марапатталды
28 тамыз, 14:57
Түркістан: Арыс ауданында профилактикалық іс-шаралар өтуде
27 тамыз, 15:06
Бекзат Бекжанұлы: Қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетіміз
26 тамыз, 15:52
Түркістан: Мопед тізгіндеушілер, мал ұрлығы және жоғалған бала