Шымкент: туризм барлық салаға серпін береді

10 сәуiр, 16:03

Еліміздің үшінші мегаполисі, жасыл желек пен гүлге оранған көркем Шымшаһар – туристер үшін тартымды қала. Өткен жылғы көрсеткіш бойынша, Шымкентке 340 413 турист келген. Жыл басынан бері үш ай ішінде e-Qonaq желісі көрсеткендей, шетелден 10 837 қонақ келген. Олардың көбі — Өзбекстан, Ресей, Қытайдан келген туристер. Туризмнің дамуы жағынан Астана, Алматы және Ақмола облысынан кейін төртінші орында. Биылғы жылдың жоспарына сәйкес, 450 мыңнан аса турист келеді деп күтілуде. Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыс және креативтік индустрия басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерболат Оспановтың мәліметінше, қазіргі уақытта қалада 100-ге жуық туристік нысан бар.

Шетелдіктердің басым бөлігі «Shym Qala» тарихи-мәдени орталығы мен «Арбат» демалыс алаңына қызығушылық танытаты екен. Сонымен қатар сұранысқа ие туристік орталықтар қатарында қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі, тарихи-өлкетану мұражайы мен «Бәйдібек би» монументі бар. Осыған орай Ерболат Оспанов: «Биыл да бірқатар іс-шаралар, жобалар қолға алынады. Атап айтқанда, Сайрам тұрғын алабын дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Жоспарға сәйкес, Қаратау ауданы әкімдігімен бірлесіп 2024-2025 жылдар аралығында жылына 80 мыңнан аса зияратшы келетін нысандар – Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін абаттандыру көзделген. Турист тартатын тағы бір көрнекі іс-шара – мейрамханалар жәрмеңкесі. Наурыз айында өтетін «ДәмДәсTour» фестивалін үшінші мегаполистің жыл сайынғы дәмді мерекесіне айналдыру жоспары бар. Бұл қаланың туристік әлеуетін дамытуға оң септігін тигізеді. Сондай-ақ Шымкент қаласы гастрономиялық орталық деген ұғымды дәлелдей түссек деген ниет бар», — дейді.

Қала қонақтары мұндағы демалыс орындары туралы «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының дүңгіршектерінен біле алады. Жыл басынан бері орталық 100-ге жуық азаматқа қызмет көрсеткен. Дүңгіршектер Әл-Фараби алаңы, 2/10 және Бакбаев көшесі, 51в мекен-жайында орналасқан.

Туризм басқармасы тарапынан осы саланы дамытуға үлес қосқан бизнес иелері үшін ынталандыру шаралары да қарастырылыпты. Басқарма туристік қызмет нысандарын тұрғызу және реконструкциялау кезіндегі шығындардың 10 пайызын өтейді. Туристік автобустарды сатып алу бойынша 25 пайыз өтемақы береді. Сонымен қатар, жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салу кезінде 10 пайыз өтемақы беріледі. Оған қоса, кәсіпкерлік субъектілерінде санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға ай сайын 83 300 теңге мөлшерінде субсидия бөлінеді. Осылайша туризм саласын дамыту арқылы кәсіпкерлікке қолдау көрсетіліп, Шымқаланың экономикасын дамытуға серпін беріліп отыр.

Айдос Құсайынұлы

Суреттер: Шымкент әкімінің баспасөз қызметі

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды