Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алуда өрт қауіпсіздігі шаралары қабылданды

03 маусым, 15:45

Өрт – тілсіз жау. Тілсіз жаудың елді мекендер мен шаруашылыққа келтіретін зардабы сұмдық. Сондықтан әрдайым қауіпсіздік шараларын сақтап, төтенше жағдайлардың алдын алу, соның ішінде өртті болдырмау жолдарын алдын ала қарастырған жөн. Бұл мақсатта Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесіп, «2024 жылдың өрт қауіпті маусымында Шымкент қаласы аумағында орман және дала өртінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету іс-шаралар туралы» жоспары әзірленіп бекітілді.

Шымкент қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Эльмира Ережепова Өңірлік коммуникациялар алаңында «Өрт қауіпті кезеңдегі қауіпсіздік шаралары туралы» брифингте біраз мәліметті ортаға салды.
Шымкент қаласының аумағында Шымкент қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысы әкімдігіне қарасты «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Ондағы жалпы жер көлемі 4 мың 826 гектар. Оның ішінде орманды алқабы 2 мың 999 га, ормансыз алқап 1 мың 827 га құрап отыр.

«Қаламыздағы орман қорын өрттен қорғау мақсатында екі шаруашылықтың балансында 4 бірлік негізгі өрт сөндіру техникасы, 14 бірлік бейімделген техника және 279 өрт сөндіру құралдары мен 6 бірлік мотопомпа бар. Қазіргі таңда, жабдықтау мен 20 жеке құрамы дайындыққа келтірілген.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы кәсібилікті арттыру үшін 2024 жылдың қаңтар-ақпан айлар аралығында ҚР ТЖМ Шымкент қалалық оқу орталығында орман шаруашылығы мекемелерінің 15 қызметкерлері оқудан өткізілді. Қаладағы шыққан өртті уақытылы анықтау мен бақылау үшін екі орман шаруашылығы мекемелерінің теңгерімінде 5 дана бақылау мұнаралары, сондай-ақ Бадам орман шаруашылығы мекемесінде 1 дана фото және бейне-түсіру мүмкіндіктері бар пилотсыз ұшу айровизуалды аппараты бар», — деді Э.Ережепова.

Биылғы қауіпті кезеңге ықтимал табиғи өрті жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында жалпы ұзындығы 1110,5 шақырым болатын минералды жолақтарды жырту жұмыстары жоспарланған. Республикалық маңызы бар жолдардың жанында 117 гектар минералды жолақтарды жырту жұмыстары жүргізілді. Департаментте дала өртін сөндіруге арналған жоғары өтімді 13 бірлік техника және 84 адам жеке құрамы ұдайы дайын тұрады.

Шымкент қаласы бойынша өрт қауіпті кезеңде орман аэровизуалды бақылау жұмыстарын жүргізуге арналған 5 дана пилотсыз ұшу аппараттары дайын.

Сондай-ақ ашық ғаламтор желісіндегі «Қазақстан Ғарыш сапары» сайты арқылы орман қоры аумағына тәулік бойы ғарыштық мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде табиғи және техногенді сипаттағы өрт орын алған кезінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысының Төтенше жағдайлар және Шымкент қаласының полиция Департаментімен, сондай-ақ қала аумағындағы әскери бөлімдермен өзара әрекет ету іс-қимыл жоспарлары бекітілген.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар алаңы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде