jasqazaq.kz

Шымкент: «Таза жағалау» — Қошқар ата өзенінің жағасында экологиялық акция өтті

22 тамыз 2024, 15:10

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы бүкіл қоғам тарапынан қызу қолдауға ие болып отыр. Еліміздің аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жас ұрпақтың бойында туған жерге, өзі тұрып жатқан қала мен елді мекенге деген жанашырлық сезімін қалыптастыруға бағытталған бұл бағдарламаны жұртшылық ыстық ықыласпен қабылдаған болатын. Айта кеткен жөн, еліміздің үшінші мегаполисі — Шымкент қаласында тазалық акциялары бүгінгі күнге дейін жалғасып жатыр.

Бүгін Қошқар ата өзенінің бойында «Таза жағалау» атты экологиялық іс-шара өтті. Үшінші мегаполистің мақтанышына айналған өзеннің жағалауын тазалауға қала жастары мен «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері, барлығы 400-ге жуық адам қатысты.
Олар өзен бойында жиналып қалған күл-қоқыстар мен өзен аңғарындағы қураған ағаш бұталарды жинады. Жағадағы қалың шөп те орылды.

Қала тұрғыны Жүрсін Раеев: «Халқымыз «Бұлақ көрсең көзін аш» деген нақылды босқа айтпаған ғой. Қошқар ата – суы мөлдір, таза әрі шипалы өзен. Өзеннің бастау алатын тұсына барып қарасаңыз, оның суы қаншалықты мөлдір екеніне көз жеткізесіз. Бұл – Табиғат-Анамыздың бізге берген үлкен сыйы. Егер өзеннің жағалауы мен сағасын үнемі таза ұстай білсек, Қошқар атаның суы бүкіл қаламыздан осындай тап-таза, мөп-мөлдір қалпында ағып өтер еді. Бұл қаладағы экологиялық ахуалға оң әсерін тигізетіні сөзсіз», — деп, тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырды.

Сондай-ақ қаладағы Абай ауданына қарасты «Шымсити» шағын ауданында да «Таза аула» атты тазалық іс-шарасы ұйымдастырылып, оған Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері, аудан ардагерлері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, ерікті жастар мен тұрғындар жиналып, барлығы 150-ден астам адам қатысты.

Тазалық іс-шарасы барысында тұрғын үйлердің аулаларын мен жол жиектері, ойын алаңшалары тазаланып, шөптер орылды. Арықтар тазаланып, талдардың түптері әктелді. Аулалар ретке келтіріліп, күл-қоқыс пен қалдықтардан тазаланды.
Іс-шараға қатысқан Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бауыржан Әлтеев күнделікті өмірде тазалықты сақтау азаматтардың туған жерге, өз қаласына деген жанашырлығының көрсеткіші екенін атап өтті.

Ол қала тұрғындарын, әсіресе, жастарды экологиялық мәдениетті сақтауға және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

19 маусым, 16:05
Түркістан: Жеті жылда индустриалдық аймақтардың жұмысы өрледі
19 маусым, 15:22
Рухани құндылық: «Дәстүрін дәріптеген әз Түркістан» өнер фестивалі өтті
19 маусым, 14:41
Түркістан: Жеті жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 4, трлн теңгеге жетті
18 маусым, 16:26
Шара Әбдірахманова: Бала ештеңе айтпаса да, іштей көмек сұрап тұруы мүмкін
18 маусым, 15:10
Түркістан: Келес ауданында газ тартылып, жол жөнделіп, ауыз сумен қамтылуда
18 маусым, 14:38
Түркістан: Төлеби ауданында тігін фабрикасы іске қосылады
18 маусым, 14:35
Түркістан: Сарыағаштағы кәсіпорындар – аудан экономикасының тірегі
18 маусым, 14:28
Түркістан: Жылына 50 мың тонна құрғақ көкөніс шығаратын зауыт салынады
18 маусым, 14:23
Түркістан облысы мен қытай инвесторлары арасында 7 меморандум жасалды