jasqazaq.kz

Шымкент: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр

22 тамыз 2024, 15:50

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар Шымкент қаласында әлі жалғасып жатыр.
Бүгін Абай ауданына қарасты Жайлау шағын ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы өтті. «Таза көше» деп аталатын іс-шара барысында аудан тұрғындары, белсенді жастар мен «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері шағын аудандағы қараусыз қалған гүлзар мен оған іргелес аумақтарды және көше бойларын ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шарада көше бойлары тазаланып, қоқыстар шығарылды, қураған ағаштар кесіліп, қоршаулар мен орындықтар сырланды.
Қала тұрғыны, әділ билер кеңесінің төрайымы Орынша Тәжібаева: «Бүгін сүйікті қаламыз Шымкенттің тазалығын сақтауға азғантай да болса үлес қосқанымызға қуаныштымыз. Егер әрбір азамат қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, жауапкершілікті сезіне білсе, Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асып, түпкі мақсатына жететініне сенеміз», — деді.
Шымкент қаласы әкімдігінің қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы ұйымдастырған бұл шараның мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаға қатысты өзекті мәселелерді шешуге атсалысуға ынталандыру және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.


Шымкент қаласы Тұран ауданындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Сатыбалды: «Тазалық кісінің ішкі мәдениетінің, адамгершілігінің көрінісі деуге болады. Біз өзіміздің, өз үйіміздің ғана емес, тұрып жатқан жеріміздің, қаламыздың, туған жеріміздің таза болуына да баса мән беруге дағдылануымыз керек. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған «Таза Қазақстан» бағдарламасына жастардың белсенді түрде қатысып жатқанын көріп қуанып отырмын», — дейді.
Жалпы бүгінде Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының оң нәтиже көрсетіп жатқанын, тұрғындар арасында тазалық мәдениетінің қалыптасып келе жатқанын, бұл бастаманың көпшілік ыстық ықыласпен қабылдап жатырғаны байқауға болады.
Осы орайда «Жасыл ел» штабының Қаратау ауданы бойынша үйлестірушісі Қуаныш Нұрлыислам: «Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау – баршаға ортақ міндет. Сондықтан барша қала тұрғындары мен жастарды осы игілікті шараға үлес қосуға шақыратынын, сондай-ақ күнделікті тұрмыстық қалдықтардан шыққан қоқыстардың қаланың экологиясына тигізер залалы орасан», деп тазалықты сақтауға шақырды.
Шымшаһарда өткен осы тазалық іс-шарасына 23 техника, 1200-ден астам тұрғын қатысты. 35 шақырымнан астам жол бойында қоқыс жиналып, екі шағын аудандағы көп қабатты тұрғын үй аулалары, екі гүлзар мен бір елді мекен аумағы тазаланды. Барлығы 76 тонна қоқыс шығарылды.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр