jasqazaq.kz

Шымкент: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр

16 шiлде 2024, 14:52


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл көктемде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталғаны белгілі. Президент: «Елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет. Лас елге қонақ ретінде, инвестор ретінде ешкім келмейді. Бірақ ең алдымен, Қазақстанның таза, көрікті болғаны біз үшін, яғни халық үшін керек», — деген болатын.
Ел ішінде жалпы ұлттық сипатқа ие болған игі бастама Шымкент қаласында әлі де қарқынды жүріп жатыр.


Жуырда «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымсити шағын ауданындағы саябақта Абай ауданы әкімі аппараты мен Абай коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және «Жастар ресурстық орталығы» еріктілерінің қатысуымен сенбілік өткізілді.
Оған тұрғындар да атсалысты. 200 адам, 12 техника жұмылдырылған тазалық жұмыстары барысында Темірлан тас жолы бойындағы гүлзар, Алматы тас жолы, Ақмешіт аумағы қоқыстан тазартылды.
Сондай-ақ Экология департаментінің ұйтқысымен «Таза жағалау» атты іс-шара өтті. Оның мақсаты — өзендер мен су айдындары жағалауын қоқыстан тазарту. Бұл бастама су ресурстарының экожүйелерін қалпына келтіруге және су объектілерінің тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ластануын болдырмауға бағытталған.


Аталған іс-шараға Шымкент қаласының Экология департаменті және Тұран ауданынң әкімдігінің атсалысуымен, Бадам өзенінің бойын қалдықтардан тазалау жұмыстарын жүргізді. 3500 шаршы метр аумақ тазартылып, 2100 шаршы метр аумақта шөп орылды. Акцияға 55 адам қатысып, 14 тонна қоқыс шығарды.
Сондай-ақ «Amanat» партиясы әр бейсенбі тазарту жұмыстарын ұйымдастырып келеді. «Таза бейсенбі» экологиялық акциясының мақсаты – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениет қалыптастыру.
Сондай тазалық жұмысы Бадам өзенінің бойында жүргізілді. Оған 300-ге жуық партия қызметкерлері, ардагерлер, Жастар Рухы, «Jasyl el» еңбек жасағы және бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты. Өзен бойының 2 шаршы шақырым жері тазаланып, 1 тонна қоқыс шығарылды.
Тұран ауданы Қоғамдық орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Балғановтың айтуынша, әсіресе, жастардың белсенділігі күшті. «Бұл акция ресми және бір реттік емес, тұрақты және жалпыұлттық түрде өтуде және әр аптаның бейсенбісі тазалық күні деп жоспарланған. Күннің ыстығына қарамастан, жастар жағы белсенді түрде жұмыс істеп жатыр», — дейді Дәурен Балғанов.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды