Шымкент: Тарихшы Ордалы Қоңыратбаевтың ғылыми еңбегі жарық көрді

06 маусым, 13:46

Бүгін ғылыми қауымға белгілі тарихшы, «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Ордалы Қоңыратбаевтың «Түркістан Республикасының Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы Қаржы комитетінің протоколдары» (1923 ж.) («Протоколы Финансового Комитета при Совете Народных Комиссаров Туркестанской Республики (1923 г.)» атты құжаттар мен материалдар жинағы таныстырылды. Бұл туралы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Танымдық шара көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойы аясында өткізіліп отыр.

Ғылыми басқосуға М. Әуезов атындағы ОҚУ Ғылыми зерттеулер департаментінің директоры Хасен Әбшенов, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылыми-зерттеулер институтының директоры Сандыбай Боранбаев, «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Ақжол Қалшабек, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Серік Жүнісбаев, тарих ғылымының кандидаты Гауһарбек Тілеуқұлов, «Түркология» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Нұрлан Мыңбаев және басқа да профессорлар мен оқытушылар, филология факультетінің студенттері қатысты.

Ғалымдар Ордалы Молдалыұлының еңбегін жан-жақты талқылап, өзекті де, құнды мәліметтердің маңыздылығына тоқталды. Тарихшы- ғалым қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшылары Тұрар Рысқұлов пен Әлихан Бөкейханов туралы көптеген еңбектер жазды. 5 монографияның, 3 ғылыми жинақтың құрастырушысы әрі редакторы, 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы.
Ғылыми зерттеулер департаментінің директоры Хасен Асанбекұлы: «Ордалы Молдалыұлының ғылымға сіңірген еңбегі зор. Ағамыз қызмет атқаратын «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы университеміздегі алдыңғы қатарлы жетістіктерімен ерекшеленеді. Бүгін тұсауы кесіліп жатқан құжаттар жинағына құтты болсын айтамын» – деп атап өтті.

«Бұл кітапқа Өзбекстан Республикасының Ұлттық Архивінде сақталған құжаттар мен материалдар енгізілген. Бұл қаржы комитетін 1923 жылы Тұрар Рысқұлов өзі ұйымдастырып, басқарды. Қаржы комитеті Түркістан Республикасының тарихында зор рөл атқарды», – деді жинақ авторы Ордалы Қоңыратбаев.

Алқалы басқосуда жинақ авторы ғалымдар мен студенттерге қолтаңбасын қойылған кітапбын сыйға тартты.
Ұлтының бағына туып, Ел үшін күрескен Тұрар Рысқұловтың ерен ісі болашақ ұрпаққа мәңгі үлгі болып қалмақ.

JQ-Aqparat

Cуреттер: М.Әуезов атындағы ОҚУ баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде