jasqazaq.kz

Шымкент: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – полицияның басты назарында

29 тамыз 2024, 13:46

Елімізде қоғамдағы ең ауыр дерт саналатын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы басты қағидалар айқындалып, онымен байланысты құқық бұзушылық түрлері, сондай-ақ міндеттемелік шарттары белгіленген. Қазіргі уақытта еліміздің үшінші мегаполисінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы табанды күрес жүргізілуде. Осы мақсатта түрлі кездесулер, іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Айталық, Шымкент қаласы полиция департаментінің жеке құрамы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті бастығының міндетін атқарушы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Рүстем Танабаевпен кездесу өткізді. Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу мақсатында жеке құрамға жемқорлықтың заңдылыққа қайшы құбылыс екендігі және оның жағымсыз салдары туралы айтылды.
Жиында сөз алған полковник Рүстем Танабаев сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңызына тоқталды. Ол: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне абыройсыздық ұялатады», — деді.
Жиын барысында Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған іс-шаралар туралы айтылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар пысықталды.
Кездесуде жемқорлыққа төзбеушілік жағдайына қол жеткізудің маңыздылығы және негізгі күш сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауына қарсы алдын алу жағдайларын жасауға бағытталуы тиіс екендігі, қоғамның келеңсіз құбылысына қарсы шараларды күшейтудің маңыздылығы айтылды.
Сондай-ақ жүргізілетін іс-шараларды тиімді ету мақсатында мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық көріністерін шектеуге бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленеді және жүзеге асырылады. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру қылмыстық шабуылдан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдар мен қоғамның белсенділігін арттыру керектігі сөз болды.

JQ-Aqparat
Суре: Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?