Шымкент: SUPER BOL әлеуметтік жобасының гранд финалы өтті

17 маусым, 13:36

Шымкентте отандық Super Bol әлеуметтік-спорттық жобасының гранд-финалы өтті. Биыл оның ауқымы біршама кеңейді. Өзбекстан және Қырғызстанның әуесқой футболшылары кәсіби спортшы атану мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл — бірегей және ауқымды спорттық жоба. Жастарды спортқа, бәсекелестікке қызығушылығын арттыру, жан-жақты әрі талантты жас футболшылар үшін бастапқы алаң ұсынуды мақсат етеді. Жоба өзінің ауқымдылығы мен бірегейлігіне байланысты отандық және шетелдік аудиторияның қызығушылығын тудырды.

Үшінші маусымның гранд финалының салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы Асқар Омаров, жобаның бас менеджері Давид Лория қатысты.

Қала әкімі КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеваниди және де шетелдік қонақтарға шапан жауып, құрмет көрсетті. Асқар Омаров Мемлекет басшысы балалар футболын дамытуға көңіл бөліп жатқанын, мұндай жоба бұқаралық спортты дамыту, жас футболшыларға зор серпін беретінін атап өтті.

Ол: «Бұл жобаның ерекшелігі жобаны жүзеге асыруға бюджеттен, яғни мемлекеттен ақша жұмсалмайды. Бұған отандық бизнес өзінің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп, қолдау білдіруде. Президентіміз де бұл жоба туралы біледі әрі қолдайды»,- деді.
Гранд финалда кеңестік және отандық футбол аңыздары Вахид Масудов пен Дмитрий Огайдың командалары кездесті. Ақтық сында Вахид Масудовтың командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Үзіліс кезінде отандық жұлдыздар өнер көрсетті. Көрермендер үшін футболдың үздік дəстүрлеріне айналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Шымкенттегі Super Bol жобасының ақтық матчы нағыз футбол мерекесіне айналды. Қажымұқан атындағы стадионға жиналған жанкүйерлер қарасы қалың болды. Әлемдік футбол жұлдыздары Фадига Халиллу мен Флоран Малуда мәртебелі қонақтар атанды.
Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті Нұрсұлтан Құрман: «Қос бірдей бапкер, аты аңызға айналған Вахид Масудов пен Дмитрий Огай бір ай бойы балаларды дайындады. 50-ге жуық бала алаңда доп тепті және оларды бақылауға әлемнің, Қытайдың, Түркияның, Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның топ-клубтарының өкілдері келді»,- деді.

Ал Super Bol жобасының бас менеджері Давид Лорияның айтуынша, бұл жоба жылдан жылға аіуқымды шараға айналады. Ол: «Егер жас футболшылар олардың көңілінен шығып жатса, кейбіреуімен кәсіби тұрғыда келісімшарт жасалады. Super Bol жобасы осымен үшінші жыл әуесқой футболшылардың бағын ашып келеді. Қатысушылар іріктеуден өтіп, футболдың негізіне қанығып, тактикалық әдіс-тәсілдерді үйренеді»,- деді. Жоба әлі де жалғасын тауып, географиялық ауқымын кеңейте береді.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Шымкен қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде