Шымкент спортшыларының жазғы Олимпиадаға дайындығы пысықталды

11 сәуiр, 13:22

Еліміздің спортшылары Парижде өтетін жазғы Олимпиадаға қызу дайындық үстінде. Шымкенттің шымыр спортшылары да белді бекем буып, тынбай жаттығып жатыр. Еліміздің Ұлттық Олимпиада комитетінің Олимпиадаға дайындық штабының жетекшісі Елсияр Қанағатов Шымкент қаласына арнайы іссапармен келді.

Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, осы іссапар аясында Парижде өтетін Олимпиада ойындарына Шымкент қаласынан қатысатын спортшылардың дайындығы пысықталып, бірқатар мәселелерді талқылау үшін жауапты өкілдермен кездесу өткізілді.

Дайындық штабының өкілдері ең алдымен қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбекпен кездесті. Сонымен қатар, спорт мектебінің басшылары, жаттықтырушылар және спортшылармен жүздесіп, олардың ұсыныстары мен түйткілдерін тыңдады.
Елсияр Баймұхамедұлы өз сөзінде еліміздің Ұлттық Олимпиада комитеті, туризм және спорт министрлігі, федерациялар, жергілікті әкімдіктердің жұмысын бірлесе ұйымдастыруда дайындық штабы құрылғанын айтып өтті.

Ол: «Біз үйлестіру жұмыстарымен айналысамыз. Өңірлердегі Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық мәселелерін зерделеп, талдау жасап, қандай қолдау, көмек керек екенін білуіміз қажет. Ұлттық құрама командалардың жаттығу жиындарын пысықтап, спортшылар, жаттықтырушылармен кездесуді де жоспарлап отырмыз. Шымкент қаласы жолдама саны жөнінен алда келе жатқан өңірлердің бірі. Қазіргі таңда лицензия алған спортшыларымыз алаңсыз, жоспар бойынша қызу дайындалып жатыр. Қатысқан жарыстарға сараптама жасаймыз. Қазіргі уақытта спорттық медицинаға көңіл бөлу керек», — деді.

Қазіргі таңда қала спортшылары Жазғы Олимпиада ойындарына бес жолдама жеңіп алды. Алдағы уақытта олар бірқатар іріктеу сайыстарына қатысады.

Айта кету керек, дүбірлі додаға дайындалу үшін Шымшаһардың спортшыларына барлық жағдай жасалып, негізгі жаттығу алаңдарымен толық қамтылған.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылып жатқанын айтып өтті. Жоспар белгіленіп, бағыт-бағдар да айқындалған. Алда жолдамалар санын арттыруда нақты міндеттер түзілген. Жолдама алғандарға, не үміткер спортшыларға барлық мүмкіндіктер жасалып отыр. Сондықтан жазда өтетін әлемдік сайыста Шымкент спортшылары жеңіс тұғырынан көрінеді деген сенім бар.

Әлима Әлмерек
Суреттер: Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды