jasqazaq.kz

Шымкент: Спортшылар жағымды жаңалықтарымен қуантты

14 маусым 2024, 12:46


Шымкент қаласының спортшылары биік белестерді бағындыруда. Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, елімізде гандболдан жоғары лигадағы ерлер командалары арасындағы ХХХІІ-ші Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Тартысқа толы жарыста 8 команда қатысып, кіл мықтыны анықтады. Ақтық сынға жолдама алған Түркістан облысының «Тұран» командасын «Шымкент» клубының гандболшылары 45:55 есебімен ұтып, ел чемпионы атанды.
Жалпы жарыс қорытындысында ІІ орынға «Қарағанды», ІІІ орынға «Тұран» командалары қол жеткізді.
«Шымкент» командасының аға жаттықтырушысы Жандос Ошақбаев: «Биылғы чемпионатта жеңімпаз және жүлдегер командалар ІІІ турдағы кездесулердің қорытындысы бойынша анықталды. Алғашқы турда командамыз жақсы ойын өрнегін көрсетіп жеке дара чемпионаттың көшін бастады.

ІІ тур ойындарының кездесулерінде командамыз сәтсіз ойын көрсетіп біраз ұпай жоғалтып алдық. Кезекті ел чемпионатын қорытындылаған ІІІ турға командамыз жақсы дайындықпен келіп, нәтижесінде барлық қарсыластарымыздан басым түсіп жеңімпаз атандық. Командамыздың чемпион атануына үлес қосқан клубымыздың гандболшыларына, спорт мамандарына және жанкүйелерге алғыс айтамын»,- деді бапкер.
Шымкент қаласының спортшылары ұлттық спортта да жақсы нәтиже көрсетті. Алматы облысы Талғар ауданында ересектер арасында теңге ілу спорт түрінен алғашқы рет 3 стиль бойынша (Бес белес, Қос құлаш, Жеті құт) Азия чемпионаты өтті. Екі күнге созылған жарысқа 10 елден ең үздік спортшылар кіл мықтыны анықтады. Атап айтқанда, Қытай, Моңғолия, Россия, Түркменстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның құрама командалары өзара бақ сынасты. Осы халықаралық додада, Шымкент қаласының Ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубының спортшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама мүшесі Бақыт Төлтай «Жеті құт» стилі бойынша үздік өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар Шымкенттік қос акадамея Еуропада өтетін турнирге қатысады.
Белград (Сербия) қаласында өтетін «DRAGAN MANCE CUP турниріне Шымкент қаласының атынан қос бірдей академия қатысуға мүмкіндік алды. Олар «Ордабасы» академиясы мен «Оңтүстік» академиясы.
Алғаш рет ұйымдастырылып отырған турнирге Оңтүстік және Ордабасы академиялары Еуропаның белді клубтарымен Газпром стадионында бақтарын сынайды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды