Шымкент — спортқа құштар жандар мекені

08 сәуiр, 15:06

Бүгінде Шымкент қаласында спортты дамытуға нақты қадамдар жасалуда. Бұл туралы jasqazaq.kz тілшісіне Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының Оқу әдістемелік және жоғары спорт жетістіктері бөлімінің басшысы Шоқан Әбдіқалықов айтып берді.

— Шоқан Шырынханұлы, Шымкент қаласы тұрғындарының спортпен айналысуға деген құлшынысы қандай? Шаһарда жаңа спорт нысандары бой көтерді ме?

— Шымкентте тұрғындардың спортпен шұғылдануға құлшынысы зор. Айталық, былтырғы жылдың есебі бойынша, дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысатын азаматтардың үлесі 513 954 құрады. Оның ішінде 2023 жылы 3-5 жастағы шұғылданушылар саны 2206 болса, 6-13 жас аралығында — 134 815, 14-18 жас аралығында — 19726, 19-35 жас аралығында — 126 922, 36-65 жас аралығында — 49 271, 65 жастан асқандар арасында спортпен шұғылданатындар саны 3474 адамды құрады. Жалпы білім беру ұйымдарындағы 176 мекемеде 219 653 бала, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі ұйымдардағы 27 мекемеде 30 675 адам, 8 жоғары білім беру ұйымдарында 52 058 адам, мемлекеттік спорттық тапсырыс арқылы 94 жеке кәсіпкер 11 657 баланы, 21 балалар мен жасөспірімдер клубтарында 15 578 адам, 5 спорт клубтта 2866 адам, 3 спорт ғимараттары базасында 23129 адам, 39 фитнес клубта 64 587 адам, 20 спортты дамыту бойынша қоғамдық ұйымдар мен федерацияларды 36 658 адам, 169 дене шынықтыру мен спортты дамытуға бейімді басқада ұйымдарда 67 093 адам спортпен тұрақты түрде айналысады.
Биыл қаламызда «Үстел теннисі спорт кешені», «Сарыбай» спорт кешені пайдалануға берілді. Демеуші есебінен жвңв ипподром құрылысы жүргізіліп, мемлекет меншігіне сыйға тартылды. Ал бюджет есебінен «Металлург» спорт кешені мен №20 спорт мектебінің спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

— Басқарма қаладағы бұқаралық спортты дамытуда қандай іс-шаралар өткізді?

— Жыл басынан қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала аумағында 97 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 11 мыңнан астам адам қатысты. Атап айтсақ, «Наурыз» мерекесі аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, бәйгеден Қазақстан Республикасының чемпионаты, садақ атудан халықаралық турнир өткізілді.

Сонымен қатар, жыл көлемінде мемлекеттік қызметшілер, медицина қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары және жоғарғы және орта оқу орындарының студенттері арасында спорт түрлерінен Спартакиада жарыстары өткізілетін болады.

Сұхбаттасқан Мақпал Махаметқызы
Шымкент қаласы

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды