Шымкент: Спортқа бет бұрған шаһар

02 маусым, 13:36


Шымкент қаласында спорттық жарыстар жиі ұйымдастырылады. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі баяндағандай, 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай байдарка мен каноэде есуден Л.Тәжиева атындағы № 4 спорт мектебінің ашық біріншілігі өтті. Жарыста 2010-2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер бақ сынады. Жалпы 70 жас спортшы қатысуға өтініш берген.

Іс-шараның ашылу рәсімінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, әлем чемпионы Біржан Жақыпов, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл жасөспірімдерді бүгінгі мерекемен құттықтап, жарыста сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған байдаркашы Сергей Емельянов та жас спортшыларға демеу беріп, болашақ жеңімпаздарға қолдау көрсетті.

Саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен сайыс Дендросаябақта алғаш рет өткізілуде. Басқарма басшысы байдарка және каноэде есу спортын осы аумақта да дамыту жоспарда бар екенін атап өтті. Бұл спорт түрі қалада қарқынды дамып келеді.
Ашық біріншілікте 200 және 500 метрден тұратын (ұлдар, қыздар) 6 санаты бойынша жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы ұйымдастырушылар атынан диплом табысталды.
Айта кетейік, биылғы Париж Олимпиадасына аталған спорт түрінен қаладан 3 спортшы (Сергей Токарницкий, Сергей Емельянов, Руфина Искакова) жолдама алды.
Спорттағы тағы бір жетістік Білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Төлебай Тоғжан Ақтау қаласында өткен самбодан жасөспірімдер арасындағы ҚР Чемпионатында Азия чемпионы атанып, 1 орынға ие болды. 27 мемлекеттен 500 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде жеңіске жеткен жас спортшының осыған дейінгі жетістіктері де жетерлік.
Екі жыл бұрын ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне орай Дзюдо күресінен “Отырар” спорт клубының ашық біріншілігінде 1-орын алғаны үшін марапатталған. Ал былтырғы жылы Төлебай Тоғжан “Antalya Natik Canca International Training Camp and Judo Tournaments” турнирінде 1-орын алып, қаламыздың абыройын асқақтатты. Жуырда ғана өткен Дзюдо күресінен Кеңес Одағының батыры Е.Молдабаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында өткен “Мини-Татами” республикалық ашық турнирінде 1-орынды иеленді.

Шымкент қаласының жас спортшылары жоғары нәтижелерімен қуантып, жеңіс тұғырынан көрінуде. Бабы мен бағы жанған спортшыларымыз әлі де биіктерді бағындыратынына сенімдіміз.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде