jasqazaq.kz

Шымкент: Спорт саласы жан-жақты дамиды

23 тамыз 2024, 10:44


Шымкент қаласында спорт саласын дамытуға айрықша маңыз беріледі. Бүгінде шаһардағы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты 33 спорттық ұйым жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 16 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 1 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 олимпиада резервін даярлау орталығы, 2 кәсіби спорт клубы, 3 спорт клубы, 1 дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері, 1 спорт ғимараттар дирекциясы, 1 су-спорт кешені және 4 мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы спорт нысандары. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков баяндады.
Басқарма басшысының айтуынша аталған мекемелерде спорттың 74 түрі дамытылып, 18 490 спортшы мен штаттағы 912 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде.
Ол: « Қазір қаламызда 37 олимпиадалық, 28 олимпиадалық емес, 9 ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Бүгінде олимпиадалық спорт түрлері – 12481, қысқы спорт түрлері — 338, олимпиадалық емес спорт түрлері – 4008, ұлттық спорт түрлері – 1322, мүгедектігі бар спортышалар – 341 (пара-72, сурдо-153) спорт саласын дамытуға белсенді үлес қосып келеді. Ал жаттықтырушыларға келсек, олимпиадалық спорттан – 638, ұлттық спорттан – 69, олимпиадалық емес спорттан — 182, мүгедектігі бар – 23 жаттықтырушы жұмыс істейді»,-деді.
Қазіргі уақытта Шымкентте №12 мектетегі спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың қазан айына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Оған қоса №15 спорт мекептің спорт нысанының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталды. Құрылыстың жалпы қаржысы 1,7 млрд теңгені құрайды.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында «ЕЛАМАН» спорт кешені тұрғындарға (спорттың ойын, жекпе-жек түрлеріне арналған 3 спорт зал және 1 бассейні бар) пайдалануға берілді.
Оған қосымша «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
Алдағы уақытта, Тұран шағын ауданындағы 5 гектар жер телімінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Паралимпидалық, сурдолимпиалық спорт кешенінің» құрылысы 2025-2026 жылдар аралығында жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта, Тұран құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникация қызметі

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр