jasqazaq.kz

Шымкент: Сібір жарасына қарсы екпе егу жұмыстары жүргізілді

19 тамыз 2024, 15:13

Сібір жарасы — жануарлар мен адамдар арасында тіркелген ең қауіпті жұқпалы ауру. Ауру тек жеке бір органға ғана емес, бүкіл ағзаға әсер етеді. Көп жағдайда терінің, кейде өкпенің, ішектің қабынуы мен зақымдалуына әкеледі. Сондықтан сібір жарасының таралуына жол бермеу шараларын дер кезінде жүргізген дұрыс.

Бұл бағытта Шымкент қаласында жыл басынан бері 14 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы — 1 421 750 вакцинация, 29 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы — 240 105 диагностикалық зерттеулер жүргізу жоспарланған. Оның ішінде, жыл басынан бері сібір жарасына қарсы 131 847 (68%), вакциналау жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшыcының орынбасары Айгүл Тұрымбетова мәлім етті.

Жыл сайын ауруға қарсы мал шаруашылығымен айналысатын, ет және ет өнімдерін өңдейтін (етті тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, қатысатын адамдар), мал соятын, тері-жүн өңдеумен айналысатындар, бактерияның тірі қоздырғыштарын зерттейтін зертханашылар вакцинацияға жатады. Сонымен қатар, егумен үй жануарлары да егіледі. Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, адамдар мен жануарлар да егілуі керек. Декреттелген топтағы адамдар мен жануарлар дені сау кезде тегін егу жүргізіледі. Биыл 767 адамға екпе салу жоспарланған, оның — 728-не екпе егілген (95,0 %).

Мал өлген жағдайда тиісті құзырлы мекеменің мамандарына хабарлап, өртеп, жойған дұрыс. Сібір жарасымен ауырған мал жатқан немесе сойылған орынға басқа жануарларды жіберуге және адамдардың сол жерде жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Айгүл Тұрымбетованың айтуынша, қала аумағында сібір жарасымен ауырған мал сойылып, қаны тамған жерден қоздырғыштың анықталуына байланысты үй жануарларын сібір жарасына қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Ол: «Ет және ет өнімдерін тек сапасын бақылайтын жерлерде ғана сатып алу керек. Ет өнімдерін өңдейтін және сататын адамдар өздерін және басқаларды қауіпсіздендіру үшін гигиеналық нормаларды ұстануға міндетті. Жануарларды күту кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау маңызды. Үй малын сою тек қана арнайы орында (мал сою бекеті) ветеринарлық қызмет мамандарының рұқсатымен жүргізілуі тиіс. Одан бөлек ауруға шалдыққан үй жануарларын ветеринариялық дәрігердің бақылауына жүгініп, алдын-ала сақтық шараларын орындау керек. Сібір жарасы ошақтары мен мал қорымдарын СҚА (радиусы 1000 м) сақталуына, яғни тұрғын-үй, шаруа қожалықтар мен басқа да нысандардың құрылысына жол бермеу керек екенін ескерткім келеді»,- деді.

Бүгінде қала аумағында сібір жарасы ошақтары мен мал қорымдары жер асты су көздері мен су қорғау аймақтарынан алшақта орналасқан. Сондай-ақ, қала аумағындағы эпизоотиялық ахуал тұрақты.ионарлық қолайсыз бекеттер бетонмен қоршалып, белгіленген.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникация қызметі

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр