Шымкент – Сиань: бауырлас қалалардың экономикалық ынтымақтастығы нығая түседі

03 шiлде, 14:07

Шымкент пен Сиань қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнатудың бір жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстанның Сиань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Шымкент қаласының әкімі бастаған ресми және іскер делегация Сиань қаласында болып қайтты. Осы Осыған орай Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов «2024 жылғы 24-26 маусым аралығында Шымкент қаласы делегациясының Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімші қалаларына сапары туралы» баспасөз конференциясын берді.

Айдын Кәрімовтың айтуынша, бұл сапар Сиань қаласындағы көлік-логистикалық терминалды аралаудан басталды. Терминал Қазақстан мен Қытай басшыларының Қытайдың Шэньси қаласын Қазақстанмен, Орталық Азиямен және одан әрі Еуропамен байланыстыратын логистикалық орталық салу туралы келісімі аясында құрылған еді.

Қытайдың транзит орталығы Сианьда елдегі ең үлкен құрғақ порт орналасқан. Қытай мен Еуропалық Одақ арасындағы контейнерлік пойыздардың жалпы көлемінің 40 пайызға жуығы осында. «Терминал еліміздің экспорттаушылары үшін жаңа нарықтарға жол ашады, жүктерді жеткізу мерзімдерін айтарлықтай қысқартады және Қазақстанның Еуразиядағы сенімді транзиттік хаб ретіндегі ұстанымын нығайтады», — деді А.Кәрімов.

«Шымкент-Сиань қалалары кәсіпкерлерінің сауда-экономикалық форумы» аясында 30-дан астам қытай және 20-дан астам қазақстандық кәсіпкерлер арасында денсаулық сақтау, IT, металлургия, қоғамдық тамақтану, білім, ауыл шаруашылығы, электр жабдықтарының және құрылыс материалдарының өндірісі сияқты салаларда В2В кездесулер өткізілді.

Сондай-ақ қытайдың алты ірі компаниялармен кездесулер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Jiangsu Xiandai Lighting Group Co., Ltd» компаниясымен жарықдиодты көше шамдары, ландшафт шамдары, көше шамдарының әртүрлі түрлері, сигналдық байланыс тіректері, электр тірек тіректері, бақылау тіректері, жол қауіпсіздігі құралдары және электромеханикалық жабдық, көп функциялы көше шамдары, қалалық кешенді жабдық, күн фотоэлектрлік панельдері өндірісі бойынша жоба талқыланды.
«Shaanxi Jingzhao carspan» компаниясымен автомобиль өндірісінен сервистік қызмет көрсетуге дейінгі толық циклді автомобиль құрастыру зауытын құру жобасын іске асыру мәселесі сөз болды.

Қазақстан мен Қытай кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастық пен алмасуға ықпал ететін ұйым болып табылатын «Қазақстан – Қытай кәсіпорындар альянсымен» ынтымақтастық платформасын құру, іскерлік сапарларды ұйымдастыру және сауда — экономикалық форумдар өткізу арқылы екі елдің экономикаларының өркендеуі мен дамуы талқыға түсті.

«Xian Typical Elevator Co., Ltd.» компаниясымен лифт өндірісі бойынша зауыт салу жобасы, «Shaanxi Foreign Trade Import and export Group Co., Ltd.» компаниясымен көтерме сауданы, технологиялар мен азық — түлік импортын және экспортын, қойма қызметтерін, көлік қызметтерін, жеткізу тізбегін басқару қызметтерін, халықаралық контейнерлік тасымалдарды экспедициялау бойынша екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Ал «China Communications Construction Company Limited (CCCC) Tianjin Dredging Co., Ltd.» компаниясымен порттар мен су жолдарын тереңдету, жерді мелиорациялау, гидротехникалық құрылыстар мен іргетастарды жобалау, іздестіру, жобалау, кеңес беру және экологиялық тереңдету, сондай-ақ жабдықтар өндірісіне, инвестицияларға, жылжымайтын мүлікті дамыту, халықаралық тасымалдар, транзиттік сақтау бойынша екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды.

Кездесу нәтижесінде 2024 жылдың күз мезгілінде Шымкент қаласында екі қаланың бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен ауқымды форум өткізу жоспарланды.

Сондай-ақ Қытай-Еуропа жүк пойызының, Сиань әуежайы мен Шымкенттің «SCAT» әуе компаниясы мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, логистикалық хабтар салу, әуе бағыттарын біріктіру, цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдету арқылы құрлықтық, әуе және цифрлық Жібек жолын құру мәселелері талқыланды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде