jasqazaq.kz

Шымкент: «Shymkent IT Hub» технологиялық паркі ашылады

16 тамыз 2024, 11:05

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау шеңберінде «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub» ашу тапсырылған болатын. Осыған орай, қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында «Shymkent IT Hub» технологиялық паркін ашу жұмыстары жүргізіліп, ғимараты бекітіліп және технопаркке материалды техникалық базаны (техникалық құрал-жабдықтар, жиһаз, кеңсе тауарлары) жеке инвесторлар есебінен қаржыландыру жұмыстары басталғалы жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов мәлімдеді.
Алдағы уақытта «Astana IT HUB» технопаркі және Әкімдік арасында 2 жартыжылдық қорытындысымен Меморандум жасалынып, ресми ашылу жоспарлануда. Сонымен қатар «Shymkent IT HUB» — білім беру бағдарламалары кеңесінің қызметін дамытып, HUB Технологиялық кәсіпкерлікті танымал ету және технологиялық стартап құру үшін жағдай жасалатын болады.
Басқарма басшысы Мұхит Кемелов брифинг барысында: « Оптика желісін жүргізу үшін жеке инвесторлармен меморандум жасалуда. Аталған меморандум аясында жыл соңына дейін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Екі жақты келісім аясында шаһардағы әрбір мектептердегі интернетті 150 мб/сек дейінгі жылдамдыққа көтеру жұмыстары атқарылуда. Бүгінде, қала аумағындағы 147 мектептегі интернет жылдамдығы 150 мб/сек көтерілді, оның 100 мб/сек оқу процесіне бағытталса, ал 50 мб/сек бейнебақылау және СОС батырмаларына арналған. Сондай -ақ қала шетіндегі білім ордаларын жылдам интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы қосымша 5 қоғамдық орындарға 15 wi-fi құрылғыларын орнатып, жалпы саны 70 wi-fi құрылғылары іске қосылды. Сонымен қатар талдау нәтижесі бойынша мобильді байланыс операторларымен бірлесе интернет сапасы төмен 42 нүктеге базалық станция орнату жұмыстары жоспарланып, 30 нүктеде базалық станцияорнатылып қолданысқа енгізілді»,- деді.
Шымкент қаласынан бой көтеретін технологиялық парктің әлеуеті болашақта зор болмақ. Себебі заманауи технологияның қарыштап дамыған заманында IT HUB орталықтары цифрландыру саласын дамытуға септігін тигізеді. Әсіресе жастар үшін стартап жобаларды, технологиялық кәсіпкерлікті жүзеге асыратын біріңғай орталыққа айналады.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?