jasqazaq.kz

Шымкент: Шомылуға тыйым салынған аймақтарға белгі орнатылды

24 мамыр 2024, 11:57


Қазақ «Сақтықта қорлық жоқ» деп бекер айтпаған. Мұны, әсіресе, төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесінде мықтап есте ұстау керек. Алда жаз маусымы күтіп тұр. Аптап ыстықта рұқсат етілмеген орындарда суға шомылатындар көбейетін мезгіл. Сондықтан Шымшаһарда осындай төтенше жағдайлардың алдын алуға қамданып жатыр.
Бүгінде Шымкент қаласы бойынша бүгінде шомылуға тыйым салынған 13 орын айқындалып, 15 ескерту белгілері орнатылған. Бұл туралы Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз отырысында Шымкент қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев мәлімдеді.
Баспасөз конференциясында Нұржан Қаракөзев Шымкент қаласы бойынша шомылуға тыйым салынған аумақтарға тоқталып өтті.
«Департамент жоспар негізінде, құзырлы мемлекеттік органдармен бірқатар еріктілерді тарта отырып, тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Атап айтқанда, сәуір айынан бастап судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша 58 рет рейд жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде өтеді. Бүгінде аудандық әкімдіктермен өткен жылы әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын жүзуге тегін үйрету бойынша 13 меморандум жасалып, 2300 ден аса баламен инструкция өткізілген»,-деді ТЖД маманы.
Брифинг барысында спикер қала аумағында суға шомылуға қауіпті орындарға тоқталып өтті.
«Мәселен Бадам өзенінің барлық арнасы, Қошқар ата өзенінің бастауынан басқа арналары, Қарасу және Сайрам су өзендері шомылуға қауіпті аймақтарға жатады. Сондай-ақ, қаламыздағы Шымкент магистралды каналы, Азат, Көкбұлақ, Сасық және басқа да суару арналарының балалар үшін өзіндік қауіптілігі бар екенінін ескертеміз. Ал субұрқақтардың өзі ток көздерімен жабдықталуына байланысты бірқатар қауіп төндіретіндігі жасырын емес. Осы ретте, су пайдалану қағидаларын бұзған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес (412, 364, 440 баптары) жауапкершілікке тарту көзделген»,- деді Нұржан Қаракөзев.
Шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы келесідей іс-шараларды атқарады:
— шомылу маусымы тақырыбындағы тыйым салу тақтайшаларын жасап және балаларды жүзуге тегін үйрету бойынша бассейн басшыларымен меморандумдарды қайта бекітуді;
— бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қауіпсіздік ережелерін кеңінен насихаттауды;
— жазғы демалыс кезінде балалардың су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастыруды;
— сондай-ақ, шомылуға тыйым салынған орындарда рейдтік шараларды тұрақты түрде жүргізу.
Шымкент қаласы ТЖД мамандары жаз маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін назардан тыс қалдырмай қадағалайды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?