jasqazaq.kz

Шымкент: Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне гала-концерт өтті

19 тамыз 2024, 15:31

Қазақтың ұлы композиторы, «қазақ вальсінің» атасы – Шәмші Қалдаяқовтың есімі халқының жүрегінде мәңгілік сақталды десек, артық айтқандық емес. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде 300-ге жуық ән жазған сазгердің туған күні айтулы дата болмаса да, міндетті түрде аталып өтеді.

Әсіресе, еліміздің үшінше мегаполисі – Шымшаһарда әйгілі композитордың туған күнінде түрлі шаралар ұйымдастырыру дәстүрге айналған.
Биыл да осы игі дәстүр жалғасын тапты. 15 тамыз күні Шымкент қаласында қазақ вальсінің королі, даңқты композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай ерекше мәдени іс-шаралар өткізілді.

Соның бірі — Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Әнім сен едің» гала-концерті. Айтары жоқ, жиналған қауым композитордың әндерін тыңдап, бір серпіліп қалды.

Шараның басты мақсаты – Шәмші Қалдаяқовтың халық жадында мәңгілікке сақталған есті әндерін насихаттау мен қайта жаңғырту. «Шәмші әлемі» гүлзарында өткен концертте композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді. Концерттік бағдарламада композитордың кеңінен танылған 20-ға жуық шығармалары орындалды, оның ішінде «Ана туралы жыр», «Ақ маңдайлым», «Бақыт құшағында», «Өмір-өзен», «Сыған серенадасы» сияқты әндер бар.

Гала-концертке Шымкент қалалық опера және балет театрының солистері, «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары, «Қазына» және «Яссы» би ансамбльдері, сондай-ақ «Shamshi» әншілер байқауының жеңімпаздары қатысты. Шара соңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков композитордың шығармашылығына арналған ықылас гүлін табыстады.

Сондай-ақ бұл күні Шәмші Қалдаяқовтың 94 жылдығына орай, «Шәмші әлемі» гүлзарындағы композитордың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Қаланың мәдениет саласының өкілдері, өнерпаздар мен зиялы қауым композитордың рухына тағзым етті. Сонымен қатар, Абай атындағы қалалық кітапханалар желісінің №2 кітапханасында да Шәмші Қалдаяқовты еске алу шарасы өтті.

Шәмші Қалдаяқовтың әндері қазақ мәдениетінің баға жетпес мұрасы ретінде халық жүрегінде мәңгілік орын алған. Оның «Менің Қазақстаным» атты патриоттық әні 2006 жылы Қазақстанның мемлекеттік Әнұраны ретінде қабылданып, сол жылдың қаңтарында Ақорда сарайында алғаш рет орындалды. Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығы бүгінгі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халық сүйіспеншілігіне бөленіп келеді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр