jasqazaq.kz

Шымкент: Шаһар басшысы құрылыс пен инфрақұрылым нысандарын аралады

28 тамыз 2024, 14:28

Шымкент сияқты үлкен мегаполисте құрылыс жұмыстары бір тоқтамайды, әрі инфрақұрымы да қатаң қадағалауды қажет етеді. Сондықтан шаһар басшысы аптасына бір-екі рет міндетті түрде нысандарға барып, тұрғындармен кездесіп тұрады.

Осы аптада да Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаладағы бірнеше құрылыс нысандарын аралады. Қала әкімі ең алдымен Қонаев даңғылы жалғасының екінші кезеңі бойынша құрылыс барысын тексерді. Жоспар бойынша, биыл жыл соңына дейін Терешков көшесінен Әйтеке биге дейінгі аумақты көлік қозғалысы ашылуы тиіс.
Қала әкімі Әл-Фараби ауданы, Әйтеке би көшесінде сауда орындарының қасбеттерін бірыңғай жобалық кодекске сәйкес ретке келтіру жұмыстарын да өз көзімен көрді. Жауапты мамандарға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеліп, оның ішінде жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру мен көріктендіруге баса назар аудару қажет екендігін атап өтті.
Одан кейін Қаратау ауданы, «Нұрсат» шағынауданында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігер ұйым өкілдеріне барлық жұмысты тиімді жүргізіп, бекітілген мерзімінде аяқтауды тапсырды.


Сонымен қатар Ғабит Сыздықбеков Абай ауданында «Шымкент сити» шағынауданының тұрғындарымен кездесті. Әңгімелесу барысында аула аумағын ретке келтіру, бейнекамера орнату және қосу, жылыту маусымына дайындық, сондай-ақ қоғамдық көлік, жасыл желекті суару және қоқыс шығару мәселелері талқыланды. Шаһар басшысы тұрғындарды тазалық пен тәртіп сақтауға шақырды.

Шаһар басшысы сондай-ақ қаланың маңызды инфрақұрылым нысандарын да аралап, дайындық жұмыстарын тексерді. Бірінші кезекте РК-3 және К-24 қазандықтарында болып, алдағы жылыту маусымына дайындық барысын қадағалады. Қаладағы көп қабатты үйлердің қыс маусымына дайындығын пысықтады.
Бұдан кейін Шымкент жоғары медициналық колледжіне барып, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты. Колледж басшылығы түлектердің білім алу және жұмысқа орналасу шарттары туралы ақпарат берді.


Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданындағы №3 қалалық ауруханаға бас сұғып, медициналық мекеменің бөлімдерін аралады. Денсаулық сақтау басқармасы және аурухана басшылығымен бірге проблемалық мәселелер мен даму жоспарын талқылады.
Аралау қорытындысы бойынша әкім бірқатар басқармаларға нақты тапсырма жүктеді. Әсіресе, жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын бекітілген кестеге сай жүргізіп, уақытында аяқтауды тапсырды.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр