Шымкент: Шаһар басшысы Бозарықта су құбырын жүргізу қарқынын жеделдетуді тапсырды

19 маусым, 16:20

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков осы аптада әдеттегідей қаланы бір аралап шықты. Бұл жолы шаһар басшысы «Сақ» киностудиясына барып, мультфильмдер мен көркем фильмдерді әзірлеу жұмыстарымен танысты.

Соңғы кезде Шымкент мультипликаторларының жұмыстары көпшілік көрерменнің көңілінен шығып жүр. Жансызға жан бітіріп, көрерменді қиял-ғажайып әлеміне жетелеу талмай ізденіп, қажырлы еңбек етуді қажет етеді. Әкім жетістік биігінен көрінген киностудия қызметкерлерінің шығармашылығын тамашалап, осымен тоқтап қалмай әлі де талай шыңды бағындыратындарына сенім білдірді.

Бұдан кейін Ғабит Сыздықбеков «Дары Сайрама» ЖШС зауытын, консервіленген өнімдерді, қызанақ өсірілетін «Trade Agro Invest» ЖШС жылыжай кешені өндірісін аралады. Әкіммен кездесуде серіктестік басшылары кәсіпорындардың қызметімен, даму жоспарымен бөлісті.

Әкім «ҚазКомАгро» ЖШС құс фабрикасына да бас сұқты. Мұнда 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Маусым кезінде қосымша 70-ке жуық жергілікті тұрғын жұмысқа тартылады. Фабрика жұмысымен танысқан әкім ұжымға, кәсіпорын директорына қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегі үшін алғысын білдірді.

Шаһар басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында суға қатысты шағымын білдірген Бозарық тұрғын алабы көшелерінің тұрғындарымен де кездесті. Мәселенің мән-жайын білгеннен кейін әкім жұмыс жүргізіп жатқан мердігер ұйым өкілдері мен аудан әкіміне су құбырын жүргізу жұмыстарының қарқынын жеделдетуді, сондай-ақ уақытша жол салуды тапсырды.

Барлық жұмыстар кезең-кезеңімен аяқталғаннан кейін жолдар төселіп, ирригация жүйелері орнатылатыны да пысықталды.

Ирригация демекші, жуырда Шымкенттегі жаңа шек су арнасына БМК каналы арқылы секундына 200 литр су көлемі жіберілгені жақсы жаңалық болды. Су Сайрам, Аймауытов көшелерімен және Тәуке хан даңғылындағы ирригациялық жүйелер арқылы өтіп, Қазыбек би, Тоқаев көшелері бойымен Ордабасы алаңындағы Қошқар ата өзеніне құяды. Каналдың жалпы сыйымдылығы — 1000 л/с.

Бүгінге дейін су арнасы жауын кезінде қауіптің алдын алу мақсатында ғана пайдаланылған. Өйткені канал айналасында егінді жер болмағандықтан, тұрғындарға қажеттілік туындамаған. Ал қазір халық санының көбеюіне байланысты микроклимат қалыптастыру мақсатында, сондай-ақ тұрғындардың өтініш негізінде қала әкімі жауаптыларға тапсырма берді. Соның нәтижесінде ирригациялық жүйелер арқылы тоқтаусыз ағып тұратын су жүйесі қалыптасты. Қазір каналдың 5/1-не су жіберілген. Бұл жұмыс алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасады.

Жалпы Жаңа шек су арнасы 1965 жылы құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Ұзындығы 18 шақырымды құрайды, оның 10 шақырымы метрлік Г блок, 8 шақырымы жер арық. Соңғы рет аталған су арнасына 2020-2021 жылдары қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде