Шымкент: «Серпін» бағдарламасына 4 мыңға жуық грант бөлінді

23 шiлде, 16:11

Елімізде «Серпін» бағдарламасы 2014 жылдан бері жүзеге асып келеді. Жастардың бұл жобаға қызығушылығы зор. Өйткені, он жылдан бері қаншама жас аталған бағдарлама арқылы жоғары білім алып, тұрақты жұмыс тапты. Биыл «Серпін» бағдарламасы арқылы ЖОО-ға түсушілерге 3 903 грант бөлінді. Соның ішінде, 2024 жылы алғаш рет колледж түлектері үшін 400 астам грант қарастырылған. Бұл туралы Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Биыл аталаған бағдарлама аясында педагогика саласына — 2500-ден астам; инженерия, өңдеу және құрылыс саласы — 700-ге жуық; IT — 300-ге жуық; ауыл шаруашылығы және биоресурстар — 70-ке жуық оқу гранты қарастырылып отыр.
М.Әуезов атындағы ОҚУ базасында «Серпін» бағдарламасына қатысатын талапкерлерден құжат қабылдау жұмыстары жалғасып жатыр. Еліміздің солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінен келген 15-тен астам астам ЖОО өкілдері талапкерлерге білім бағдарламасы және оқу орындарының мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беруде. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің өкілі Мәншүк Сәбитқызы бағдарламаның тиімділігін атап өтті.
–Біздің университет Аризона университетімен бірлескен бағдарламасын ұсынып отыр, яғни, қос дипломды бағдарлама. Осы квота бойынша 500 грант бөлінген. Осы бағдарлама арқылы студенттер екі диплом алып шығады. Педагогикалық мамандықтарға 75 баллдан жоғары, техникалық, ауылшаруашылық мамандықтарына 50 баллдан жоғары болса, грантқа түсуге мүмкіндік бар. Жалпы оңтүстік өңірдің жастарының қызығушылығы жоғары, – дейді Мәншүк Сәбитқызы.

«Серпінге» бес облыс – Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы мен Жетісу облыстарының ауыл түлектері қатыса алады. Осы жоба бойынша грантқа түскен түлектер шәкіртақы алады және жатақханамен қамтамасыз етіледі.
«Серпін-2050» − кең ауқымды әлеуметтік жоба. Оның жүзеге аса бастағанына биыл үшінші жыл. Осы аз ғана уақыт ішінде 12 мыңнан астам қыз-жігіт жастар үшін өте маңызды саналатын әлеуметтік бастаманың игілігін көрді.

Халықтың жоба туралы ой-пікірі де жақсы. Алғашында сенімсіздікпен әрі күдікпен қараған. Оның үстіне «Тұрмыс-тіршілікке қолайлы, ата-анасы мен туған-туыс, жора-жолдастарын тастап оңүстіктің жастары қысы қытымыр солүстік өңірлерге оқу-білім іздеп бара қоюы екіталай» деп болжам жасағандардың да болған. Бірақ осындай күдік-күмәндардың барлығы уақыт өте келе сейілді. Қазір жұрт «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы туралы жан-жақты хабардар. Осы бағдарлама арқылы балаларының білім алып, жұмысқа орналасуын қалайтын ата-аналар көп. Оған дәлел – алғашқы жылы мемлекеттік грант үшін бір орынға бес талапкер бақ сынаса, кейінгі жылы 7-ге жетті.

JQ-Aqparat
Суреттер: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің баспасөз қызметі

30 тамыз, 23:58
Түркістан: Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес өтті
30 тамыз, 23:55
Түркістан полициясы Конституция күнін атап өтті
30 тамыз, 23:53
Түркістан облысында Конституциямен құрдас 140-тан астам полицей қызмет етеді
30 тамыз, 23:51
Түркістан полициясы Конституция күніне орай бірқатар іс-шара өткізді
30 тамыз, 1:50
Түркістан: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
28 тамыз, 19:46
Түркістан: Мереке қарсаңында 180-нен астам полиция қызметкері марапатталды
28 тамыз, 14:57
Түркістан: Арыс ауданында профилактикалық іс-шаралар өтуде
27 тамыз, 15:06
Бекзат Бекжанұлы: Қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетіміз
26 тамыз, 15:52
Түркістан: Мопед тізгіндеушілер, мал ұрлығы және жоғалған бала