Шымкент: Сенаторлар сайлаушылармен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдады

16 шiлде, 12:03


Маусым айының соңын ала бере Парламен депутаттары демалысқа кетті. Кейбіреулері сайлаушыларымен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын біліп, көкейге түйгенді жөн көреді. Жазда халықтың тілегі мен ұсынысын тыңдап, күзде Парламент қабырғасында көтереді. Мемлекет басшысының «Құлақ асатын мемлекет» қағидасы, міне, осылай жүзеге асырылса керек.
Сондай кездесудің бірі Шымкентке келген Сенат депутаттары Айгүл Қаппарова мен Әлішер Сатыбалдиевтің қатысуымен Әл-Фараби атындағы кітапханада өтті. Сыр сұхбат түріндегі кездесуде Шымкенттен сайланған сенаторлар Парламентте атқарылып жатқан жұмыстарды саралап берді.


Кітапханашылар өз кезегінде үндемей қалмады. Парламент қабырғасында кітапханашылардың жағдайы бірнеше рет талқыға түскен болатын. Соның нәтижесінде бүгінде олардың әлеуметтік жағдай әжептәуір жақсарып қалды. Кітап қоры молайды. Бір «әттегенайы», қазақ тілді шығармалардың үлесі отыз пайыздан аспай тұр. Методикалық-дидактикалық, ғылыми-зерттеу оқулықтары мемлекеттік тапсырыспен аз шығады. Кітапхана мамандары халық қалаулыларына осындай мәселелерді жеткізді.
Бұдан кейін Сенат пепутаттары Айгүл Қапбарова мен Әлішер Сатыбалдиев Шымкент қаладағы №1 клиникалық ауруханада болып, медицина мекемесінің жұмысымен танысты.
Бұл медицина мекемесінің кредиторлық берешегі 1,5 миллиард теңге екен. Шымкентке іссапармен келген Сенат депутаттары қаржы мәселесімен танысып, ауруханада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысын өз көзімен көрді.


Сенат депутаттары Айгүл Қапбарова мен Алишер Сатыбалдиевке аурухананың қаржы мәселесі баяндалды. Дәрігерлер кредиторлық берешек 2 млрд теңгеден 1,5 миллиардқа азайғанын жеткізді. Ақ халаттылардың айтуынша, қарыздың негізгі себебі – қажетті дәрі-дәрмек пен операцияға жұмсалатын шығын сырқаттарды емдеуге белгіленген тарифтен әлдеқайда қымбат.
Депутаттар елдегі көп медициналық ұйымның басты мәселесіне айналған қаржыландыру жүйесі Парламентте қайта қаралғанын жеткізді. Соның нәтижесінде денсаулық сақтау министрлігі жаңа қаулы қабылдаған.
Халық қалаулылары клиникадағы күрделі жөндеу жұмысын да қарап шықты. Оған қаражат республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген. Жыл соңына дейін жеткізілуі тиіс жаңа жабдықтардың тізімін қарап, құрылысты мерзімінде аяқтаудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар Сенат депутаттары Шымкент қаласындағы «Tulip Hall» жаңа конгресс-холының жұмысымен де танысып шықты.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде