Шымкент: Сапалы медициналық қызмет – басты назарда

11 сәуiр, 13:56

Елімізде медицина саласын дамытуға байланысты нақты қадам жасалуда. Мәселен, өткен жылы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты №6, №7, №3 және №1 қалалық емханалар базасында медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында «Үздік тәжірибе орталығы» ашылған болатын. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Орталық ашылған сәттен бастап емханада медициналық көмекке жүгінген науқастардың шағымдар көрсеткіші азайған. Бұл әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген қаржыны толық игеруге өз септігін тигізуде.

Шымкенттегі №6 қалалық емханасында ашылған «Үздік тәжірибе орталығының» жұмысы еліміздегі өзге де медицина орталықтарына үлгі болуда. Орталықтың жұмысымен танысу мақсатында Батыс Қазақстан облысы (Орал қаласы орталық емханасы), Атырау қаласының №7 қалалық емханасы, Ақтөбе қаласынан, Ұлытау облысы Жезқазған қаласының Қ. Сәтбаев емханасынан және Тараз қаласы, Жезқазған, Түркістан облысы (Жетісай қаласы емханасы және Отырар аудандық ауруханасы), емханаларының қызметкерлері Шымкент қаласына арнайы келді.

Сондай-ақ Шымкентке Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасынан да 20 қызметкер жұмыс сапарымен келді. Қарағанды облысының дәрігерлері емхананың медициналық қызмет көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарына өздерінің пікірлерін білдірді.

Делегацияны Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков қабылдады. Қарағандылық дәрігерлер басқармада қаладағы емханалардың басшыларымен де жүздесіп, еркін форматта пікір алмасты. Делегация құрамы Шымкент қаласында медицина саласында қолға алынған жұмыстармен жан-жақты танысып, оң бағасын берді.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков қала шетіндегі дәрігерлік амбулаторияларды аралап, тұрғындармен кездесті.

Басқарма басшысы №7 қалалық емханасаның бас ғимаратында болып, қабылдау бөлімі және мамандандырылған емхана бөлімдерінің жұмысын көрді. Сонымен қатар басқарма басшысы 7500 тұрғыны бар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер науқастарға амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін Қарабастау дәрігерлік амбулаториясында болды. Қарабастаудағы медицина ғимаратының тозығы жеткенін көргеннен кейін басқарма басшысы ғимараттың күрделі жөндеуден өткізу қажеттігін айтып, емхана ұжымына тапсырмалар жүктеді.

Мақпал Махаметқызы

Суреттер: Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды