Шымкент: Сапалы интернетпен қамтудағы қадамдар

15 мамыр, 15:11

Өткен жылы қол қойылған «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы Мемлекет басшысының еліміздегі интернет саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданды.

Ұлттық жобаның басты мақсаты – тұрғындарды жылдамдығы кемінде 100 Мбит/с кең жолақты интернетпен қамту.
«Қолжетімді Интернет» жобасын іске асыру 2027 жылға дейін жыл¬дам¬дығы жоғары интернетпен қамту деңгейін 100 пайызға дейін жеткізуге және елдің өңір¬дегі цифрлық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Президенттің жоғары сапалы интернетпен қамту жөніндегі тапсырмасын орындау бағытында Шымшаһарда біраз шаруа қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы «Цифрландыру Басқармасының 2024 жылғы I тоқсандағы атқарған жұмысы мен жетістіктері және алдағы жоспарлары туралы» брифингте Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов айтып берді.

Цифрландыру басқармасының мониторингтеу нәтижесінде шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы 50 нүктеде интернет сапасының төмендігі анықталған. Тест драйв жүргізу барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру үшін мобильді операторлар 14 аумақта антенна-мачталық құрылғы қойып, 13-не базалық станция орнатыпты.

Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында қосымша 28 нүктеде мобильді интернет сапасы жоғарылайтын болады.
Бүгінде инвестор тарапынан 28 нүктенің 17-не базалық станция орнатылып іске қосылған. Қалған 11-не антенна-мачталық құрылғы салу және оларға монтаждау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, «Kcell» және «Кар-Тел» ЖШС тарапынан 58 аумаққа базалық станция орнату жоспарға енгізіліп, бос жер телімдері анықталуда.

Мобильді интернеттен басқа, қаладан шалғай орналасқан 20 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жүргізіліп, 210 000-ға жуық қала тұрғындарына жоғарғы жылдамдықты оптикалық интернет желісіне қосылуға мүмкіндік жасалған. Биыл тағы 20 елді мекенге талшықты оптика желісін жүргізу үшін жеке инвесторлармен меморандум түзілген.

Білім беру мекемелеріне бөлінетін қаражат цифрландыру басқармасы арқылы орталықтандырылған модельге өтуді қамтамсыз ету және мектептердегі интернетті 150 мб/сек дейінгі жылдамдыққа көтеру жұмыстары атқарылуда.

Сондай-ақ қоғамдық орындарды тегін вай-пай желісімен қамтамасыз ету және қала тұрғындарына жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында 2023 жылы 20 қоғамдық орынға 55 wi-fi құрылғылары орнатылған болатын. Биыл қосымша 5 қоғамдық орында 15 wi-fi құрылғыларын орнатылады. Сөйтіп жалпы саны 70 wi-fi құрылғыларын іске қосу жоспарланған.

JQ-Aqparat

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде