jasqazaq.kz

Шымкент: QazaqGaz Aimaq ұжымымен Жаңа Конституция жобасы талқыланды

Бүгін, 19:34

Шымкент қаласында «QazaqGaz Aimaq» компаниясы ұжымымен кездесу өткізіліп, ел дамуының стратегиялық құжаты – Жаңа Конституция жобасы кеңінен түсіндірілді. Іс-шара барысында Ата Заңның мазмұны, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мәні жан-жақты баяндалды.
Кездесуге Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Эльмира Мырзалиевақатысып, Конституциялық реформаның негізгі бағыттарына тоқталды.
Спикердің айтуынша, реформаның басты мақсаты – қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайту, құқық үстемдігін күшейту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғау.
– Конституция – елдің құқықтық тірегі. Жаңа жоба – заман талабынан туған құжат. Онда мемлекеттің әлеуметтік сипаты, адам құқықтарының қорғалуы, егемендік пен ұлттық тұтастық мәселелері айқын көрініс тапқан, – деді Эльмира Мырзалиева.
Жиында адам құқықтарының кепілдіктерін күшейтуге бағытталған нормаларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, «Миранда қағидатына» ұқсас ереженің енгізілуі азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыратыны айтылды. Яғни, азамат ұсталған жағдайда оның құқықтары міндетті түрде түсіндіріліп, қорғаушысыз жауап беруден бас тартуға құқылы болады. Бұл – әділ сот төрелігі мен заң үстемдігін қамтамасыз етудің нақты тетігі.
Сонымен қатар құжатта егемендік пен тәуелсіздікті қорғау басым бағыт ретінде бекітілгені, қос азаматтыққа жол берілмейтіні және мемлекеттік тұтастықтың мызғымастығы нақты жазылғаны атап өтілді. Бұл қағидаттар ұлттық қауіпсіздік пен ел бірлігін нығайтуға бағытталған.
Жаңа редакцияда орта білім мен медициналық көмектің тегін көрсетілуі нақтыланып, ғылым мен инновацияны дамытуға басымдық берілген. Мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының бірдей стандарт негізінде жұмыс істеуі тиіс екені көрсетілген. Бұл – сапалы білім мен тең мүмкіндіктің кепілі.
Кездесу барысында компания қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Диалог форматында өткен жиын қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Конституциялық реформаның мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік берді.
Жиын қорытындысында Жаңа Конституцияның ел ішіндегі тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталған стратегиялық маңызы ерекше екені атап өтілді. Қатысушылар ұсынылып отырған конституциялық өзгерістерге толық қолдау білдірді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік