jasqazaq.kz

Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?

13 ақпан, 17:46

Соңғы уақытта жасанды интеллект құралдарына деген сенім артып келеді. Көпшілік ақпарат іздегенде, сапар жоспарлағанда немесе тарихи деректерді нақтылағанда алдымен ЖИ-ге жүгінеді. Алайда бұл технологиялар әрдайым дәл әрі тексерілген мәлімет бере бермейді. Былайша айтқанда, ЖИ-дің де кейде өтірікті соғып жіберетіні бар. Сондықтан оған көзсіз сенуге болмайды.
Мысалы, әлеуметтік желіде ISSAI әзірлеген «Ойлан» атты жасанды интеллект моделінің жауабы қызу пікірталас тудырды. «Абай жолын Абай жазды ма?» деген сұраққа ол: «Иә, Абай Құнанбайұлы «Абай жолы» атты шығармасын жазған. Бұл шығарма оның философиялық ойларын, адамгершілік құндылықтарын және білімнің маңыздылығын бейнелейді» деп жауап берген.


Ал британиялық Daily Mail басылымы ЖИ жауабының кесірінен испаниялық туристердің сапары сәтсіз аяқталғаны туралы жазды. Блогер Мери Калдасс Chat GPT-ден «Испания азаматтарына Пуэрто-Рикоға бару үшін виза қажет пе» деп сұраған. ЖИ «жоқ» деп жауап берген. Осы ақпаратқа сенген жұп құжаттарын тексермей, сапарға аттанған. Ақыры олар рейске отырғызылмай, жолдан қалған.
Жасанды интеллект маманы Мадина Есімханқызы қандай бір технологиялардың қателесуі жиі кездесетінін айтады. Ол ЖИ берген ақпаратты мұқият қайта тексеруге кеңес береді:
«ChatGPT болсын, немесе басқа да LLM-дердің шектеулері де жоқ емес. Олар күрделі логикалық пайымдауларды орындай алмайды және кейде жалған ақпарат таратады. Сондықтан бұл құралды қолданғанда сын тұрғысынан ойлау қабілетімізді жетілдіруіміз керек».

Олжас Әбдіхалық

Сурет: eldorado.ru

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді