Шымкент: Полиция жастарға нашақорлықтың зардабын түсіндірді

06 мамыр, 13:56

Жастар арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу үшін құзырлы органдар жоспарлы түрде нақты іс-шараларға көшкен. Шымкент қаласының полиция департаменті Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру аясында, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен білім ордаларында есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Полиция қызметкерлері еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта келе, алдыңғы күнге сеніммен қадам басу үшін денсаулықтың қажет екенін, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірге қауіпті екенін ескертуде.

Осы мақсаттағы кезекті іс-шара Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінде жалғасын тапты. Мамандар студент жастарға жан-жақты ақпарат беріп, жаман әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды.

Жастарға барынша түсінікті болу үшін полицейлер тіпті қызметтік іздестіру иттерін ала келді. Төрт аяқты достардың көмегімен анықталған қылмыстық  оқиғалар туралы әңгімелеп, олардың барынша жасырылған есірткіні иіс сезу арқылы тез табу қабілеттерінің ерекшеліктерін түсіндірді. Әрі оны іс жүзінде арнайы ұйымдастырылған қойылымда көрсетіп берді.

Сонымен қатар полицейлер жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларымен де кездесті.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен ювеналды полицейлер № 4 жалпы орта беру мектеп оқушыларымен «Жастар арасында нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу және жастарды спортқа баулу» тақырыбында жиын өткізді. Ондағы мақсат жастарға есірткі заттарының зияндығы мен кесірін ұғындыру, есірткі, психоактивті заттарға төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, парасатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.

Кездесуде жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу мәселелері жайында мағлұмат берілді. Сонымен қатар, полицейлер оқушыларға есірткіге елтудің адам өміріне төндіретін қаупі және есірткіге байланысты кез келген заңсыз әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын тәптіштеп түсіндірді.

Бұдан кейін оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, өзара еркін форматта пікір алмасты.

Әлима Әлмерек,

Сурет: Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Биыл бірқатар қылмыстар азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды