Шымкент: Өзекті мәселелер оң шешімін тауып жатыр

18 шiлде, 13:33

Шымкент қаласында биыл шілдеге дейін жалпы 198 жер учаскесінің алаңы 137 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар заң шеңберінде тиісті талаптарға сәйкес әлі де жалғасып жатыр.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде осы және жол құрылысы нысандарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Жиында құрылыс заттары сатылатын орындарды қала сыртына көшіру, базарларды жаңғырту, қала тазалығы, жәндіктерге қарсы залалсыздандыру, көшелерді жарықтандыру жұмыстары да пысықталды.

Шаһар басшысы сала басшыларына құрылыс алаңдарындағы жұмыстарды қадағалап, құрылыс мәдениетінің сақталуын назарға алуды тапсырды. Аудан және тиісті сала басшыларына тазалық шараларын жүйелі атқаруда, залалсыздандыру жұмыстарын күшейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Көп қабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау жұмыстарын бақылап, халықпен кері байланысты жақсартуда да жауаптыларға міндеттер жүктелді.

Сондай-ақ әкім мамандарымен бірге қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Қаратау ауданындағы өрт сөндіру депосы кешені мен Оқушылар сарайының құрылысында болып, салалық басқарма басшысы мен аудан әкіміне құрылыс сапасына бақылауды күшейту тапсырылды.

Алматы мен Ташкенттен қалаға кіре берісте «Shymkent» жазуы бар стела орнату орындарын тексерді.

Бұдан бөлек, Абай ауданы, «Ынтымақ» шағын ауданына қарасты Жидебай көшесінің тұрғындарымен кездесті. Табиғи газбен қамту, кәріз, көше мен тротуарларды асфальттау мәселелері талқылады. Тұрғындар жылдар бойы шешілмей келе жатқан жақын маңдағы қоғамдық көлік аялдамасына жаяу жүргіншілер жолын ұйымдастыру мәселесін көтерді.

Өзара талқылау нәтижесінде түйткілдің оң шешімі табылып, учаске иесі тұрғындар үшін жолды ашып беретін болды. Сол жерде аудан әкіміне уақытша өту жолын ұйымдастыру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Сондай-ақ, қала басшысы алдағы уақытта заң талаптарын сақтай отырып, жер телімін мемлекетке қайтару мәселесін қарастыратынын жеткізді.

 

Әкім мен оның әріптестері Әл-Фараби ауданы, Әлімқұлов көшесінде тұратын тұрғындардың өтінішін де назардан тыс қалдырмады. Кездесуде тұрғындар көшені жарықтандыру, пандустың жоқтығы және балалар алаңын жаңғырту қажеттілігі сынды бірқатар өзекті мәселелерді қозғап, шешу жолдарын қарастыруды айтты. Осы мәселеге орай әкім аудан әкімдігіне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, азаматтардың өтінішіне жіті назар аударуды тапсырды.

Аралау соңында Еңбекші ауданы, «Қаратөбе» шағын ауданының тұрғындарымен де кездесу болды. Онда суару жүйесі мен спорт нысандарының жұмысы, кәріз желілерін жаңғырту мен гүлзар салу мәселелері талқыланды.

Осылайша Шымшаһардағы өзекті мәселелер қала басшысының қадағалауымен оң шешімін тауып жатыр.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде