Шымкент: Отбасы – ол да бір шағын мемлекет

16 мамыр, 14:13

Біздің елімізде отбасы институтын нығайту, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дәріптеу еліміздің 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының негізгі басымдықтары екені мәлім.

Шымкент қаласында отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асыруда осы тұжырымдамадағы міндеттер басшылыққа алынады. Ұлтымыздың бұрыннан келе жатқан отбасы құндылықтарын насихаттау бағытында түрлі кездесулер жиі өткізіледі.
Халықаралық отбасы күні 15 мамырда Шымшаһарда тиісті дәрежеде атап өтілді. Осы айтулы датаға орай, Шымкент қаласының «Бақытты жанұя» орталығында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Отбасы құндылығын насихаттайтын басқосуға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Көпжан Тұрлыбеков, «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының төрайымы Баян Жандосова, «Әжелер кеңесінің» төрайымы Клара Әтемова, «Әкелер кеңесінің» төрайымы Төлехан Үсіпбеков, «Жас отбасылар кеңесінің» төрайымы Гүлрайхан Әбирова және қала тұрғындары қатысты.
Көпжан Тастанұлы өзінің құттықтау сөзінде: «Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет екенін ұмытпауымыз тиіс, Сіздермен бірлесіп ұлттық, отбасылық құндылықтарымызды, ел тыныштығын сақтап қалуына көптеген жұмыстар атқара отырып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын. Барша отбасыны айтулы мерекемен құттықтаймын, — деді.
Жиында бүгінгі аса өзекті мәселе — отбасы институтын ілгерілету жөнінде сөз қозғалды.

«Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының төрайымы Баян Жандосова: «Әрбір ересек адам өзі бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек екенін білуі қажет. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз. Сондықтан, бүгінгі мерекені атап өтуге атсалысқан азаматтарға алғыс айта отырып, алдағы уақытта 1 маусым – «Балалар күні», 16 маусым – «Әкелер күні» мерекесін жоғары деңгейде атап өтуге шақырамын», — деген ұсынысын ортаға салды.
Сонымен бірге кездесуде отбасы институтын дамыту орталықтарында тек аналармен жұмыс жүргізуге шектелмей әкелерге де көңіл бөліп, қолдау көрсету ұсыныстары айтылды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде