Шымкент: Отбасы институтын нығайту жолында

02 мамыр, 14:29

Биылғы 15 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған заңға қол қойды. Бұл құжат әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны күшейтуді көздейді. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында жаңа заң талаптары талқыланды.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынға басқарма басшысы Жанат Өтебаева, адам құқықтары жөнінде уәкілдің қала бойынша өкілі Нұржан Әбдезов, «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Жандосова, балалар құқықтары жөніндегі Шымкент қаласы бойынша өңірлік уәкілі Жаннетта Жазықбаева, қаладағы 5 аудан әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ әлеуметтік салада қызмет көрсетіп келе жатқан қоғамдық бірлестік жетекшілері және басқармаға бағынысты орталықтың басшылары қатысты.

Басқарма басшысы Жанат Өмірсейітқызы өз сөзінде: «Президент 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын. Әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын норма енгізілді, — деді.

Адам құқықтары бойынша уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Әбдезовтың айтуынша, Мемлекет басшысы 2024 жылдың 15 сәуірінде екі заңға қол қойды. «Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мақсатында ақпараттық-анықтамалық, және психологиялық көмек көрсету жөніндегі «111» байланыс орталығын құру, әр ауданда отбасын қолдау орталықтарын ашу, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру туралы нормалар бекітілді», — деді Н.Әбдезов.

Айта кетейік, Шымкент қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының құрбандарына қызмет көрсететін «№3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» бар. Орталықта 70 орын, оның ішінде 50 орын – тұрмыстық зорлық-зомбылық, 20 орын – адам саудасының құрбандарына арналған. Мекеме 8 арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетіп келеді. Жыл басынан бері орталық қызметіне 225 адам жүгінген.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі

Бүгін, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды