jasqazaq.kz

Шымкент: Орта Азиядағы ең ірі жылыжай салынады

08 тамыз 2024, 11:01

Әр қала үшін өзінің дамуына инвестиция тарту өте өзекті мәселелердің бірі. Себебі экономиканың басты құралы ол шағын және орта бизнес. Бизнесі дамыған орта қолайлы экономикаға айналатыны белгілі. Ал экономикасы дамыған мемлекет ол инвестиция тартуға қауқарлы. Сонымен біздің Шымкент инвестиция тартуға өте қолайлы аймақтардың бірі. Себебі тоғыз жолдың торабында жатқан ең ірі экономикалық агломерациялы қала. Қала қарқынды даму үшін оның бизнес – климаты жоғары дәрежеде болуы шарт.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Alarko Holding» түрік компаниясының президенті Йылдыз Умит Нури «Бозарық» индустриялық аймағында қызанақ өсіретін ірі жылыжай кешенінің құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысты, деп мәлдімдеді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Инвестициялық жобаның құны 650 миллион АҚШ долларын, оның жалпы аумағы 650 гектарды құрайды.

Жылыжай кешені жылына 155 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Жобаның бірінші кезеңі пайдалануға берілгеннен кейін 2 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, толық іске қосылғанда 5 мыңға жуық адам түрақты жұмыспен қамтылатын болады. Өндірілген ауылшаруашылық өнімдерімен негізінен, қала тұрғындары қамтылып, тауарлар еліміздің өзге де аймақтары мен шет мемлекеттерге жөнелтілетін болады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту және өсімдік шаруашылығында суды үнемдейтін озық технологияларды енгізіп, дамыту тапсырмасын іске асыру барысында бұл жобаның рөлі зор екеніне тоқталды. Әкімдік ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатқан инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге қашан да дайын.

«Жобаны жүзеге асыру мегаполистің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына және бағаның тұрақталуына ықпал етеді. Сонымен қатар қала тұрғындарының тұрақты жұмыспен қамтылуына да септігін тигізеді», — деді қала әкімі.

Компания құрылыс уақытын барынша қысқарту мақсатында Шымкентте жылыжай салуға арналған конструкцияларды шығаратын зауыт ашуды көздеп отыр. Сонымен қатар, жоба аясында халықаралық стандарт бойынша ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын мамандандырылған академия ашу да жоспарлануда. Ауқымды жобаны жүзеге асыру жылыжай шаруашылығын дамытуға ғана емес, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаңа өндірістерді енгізуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр