jasqazaq.kz

Шымкент: Өңірлік кадр резервіне іріктеуге 400-ге жуық азамат қатысты

02 қыркүйек 2024, 15:57

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында биыл тұңғыш рет өңірлік кадр резервін жасақтау қолға алынды. Бұл жоба өңірлердегі жас басқарушылар пулын қалыптастыру және мемлекеттік қызметке талантты жастарды тарту мақсатын көздейді. Резервке іріктеу еліміздің мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан жүзеге асырылады. Іріктеу биылғы 1 наурызда басталған болатын.
Тамыз айының соңында Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірлік кадр резервіне іріктеудің нәтижелері бойынша баспасөз конференциясы өтті. Конференцияда еліміздің мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қадырбеков өңірлік кадр резервін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды баяндады.
Департамент басшысы айтып өткендей, «Құрылымдық сұхбат» 19-20 тамыз аралығында Шымкент қаласы әкімдігінде ұйымдастырылған. Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен жиналыста өңірлік комиссия мүшелері үміткерлердің жобаларын бағалады. Отырыстың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тиісті сала сарапшылары, ЖОО, БАҚ, бизнес өкілдері мен байқаушылар қатысты.
Үш кезеңнен тұратын жоба үміткерлердің біліктілігін және әлеуетін анықтауға мүмкіндік береді. Жобадағы талап бойынша заңнама білу, жеке қасиеттері мен құзыреттерін бағалау сияқты алғашқы кезеңдерін сәтті тапсырған Шымшаһардағы үміткерлер әңгімелесуден өтті.
Шымкент қаласындағы іріктеуге 400-ге жуық азамат қатысқан. «Құзыреттерді бағалау» кезеңіне қатысқан 58 кандидаттың 47-сі «Құрылымдық сұхбат» кезеңіне өтті.
Қ.Қыдырбеков Шымшаһарда өңірлік кадр резервіне іріктеу 7 салалық бағыт бойынша жүргізілгенін айтты: Олар: индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология. Цифрландыру бағыты бойынша үміткерлер анықталмағандықтан, қалған 6 бағыт бойынша 30 үміткер іріктелді.
• Индустрия және өнеркәсіп: 6 адам (20%)
• Экономика және қаржы: 6 адам (20%)
• Әлеуметтік сала: 13 адам (43,3%)
• Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым: 3 адам (10%)
• Агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары: 1 адам (3,3%)
• Экология: 1 адам (3,3%).
Іріктелгендердің құрамында: ерлер: 25 (83,3%), әйелдер: 5 (16,7%), жасы ең үлкені: 35, жасы ең кіші: 25.
Мемлекеттік қызметшілер: 19 (63,3%), оқытушылар: 4 (13,3%), жеке сектордан: 3 (10%), қоғамдық бірлестіктерден: 2 (6,7%), дәрігер: 1 (3,3%), азаматтық қызметші: 1 (3,3%).
Бұл іріктеу өңірлік басқарудың жаңа буынының қалыптасуына жол ашып, мемлекеттік қызметте талантты жастардың өз мүмкіндіктерін көрсетуіне мүмкіндік береді.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?