Шымкент өнерпаздары Худжанд қаласында концерт қойды

24 тамыз, 12:53

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан еліне ресми сапары аясында еліміздің өнерпаздары Қазақстанның Тәжік еліндегі мәдени күндеріне қатысты. Орта Азияның шежірелі Худжанд қаласында 2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласының өнерпаздары концерт қойды, деп мәлімдеді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Мәдениет күндері аясында бірқатар ірі іс-шаралар өткізілді. 20 тамызда Душанбе қаласындағы «Ватан» кинотеатрында қазақстандық кино күндерінің ашылуы өтиі. 22 тамыз күні сағат 19:00-де «Кохи Борбад» мемлекеттік кешенінде Қазақстан өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтіп, оған Қазақстанның халық әртістері мен еңбек сіңірген қайраткерлері, сондай-ақ халықаралық конкурс лауреаттары қатысты. Бұл гала -концертте шымкенттік өнерпаздар да өз өнерлерін ортаға салады. Сонымен қатар гала-концерт басталмас бұрын «Кохи Борбад» мемлекеттік кешені фойесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің қорынан «Қазақ халқының қолданбалы-сәндік өнері» атты көрмесі ұсынылды. Көрменің негізін XVIII-XX ғасырлардағы қолданбалы өнердің бірегей заттары құрайды.

Концерттік бағдарлама «Шымкент концерт» концерттік ұйымының Қазақ ұлт аспаптар оркестрі және «Қазына» би ансамблінің орындауында Сүгірдің «Ыңғайтөк» күйі мен Құрманғазының «Балбырауын» күйінен тұратын «Думанды дәурен» композициясынан басталып, дәстүрлі әндер мен қазақ классикалық жауһарларымен жалғасты.

Концертте Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» поэмасы Қазақ ұлт аспаптар оркестрімен орындалды. Шымкент қалалық опера және балет театрының солисті, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Үралхан Сейілбекова Латиф Хамидидің «Бұлбұл» шығармасын орындап көрерменді тәнті етті. Сонымен қатар, домбыра шеберлері қазақ композиторлары Ескендір Хасанғалиев, Қадыр Мырзалиев, Иса Байзақ, Қалқа Жапсарбаев және Кенен Әзірбаевтың туындыларын орындап, Худжандтық көрермендердің ыстық ықласына ие болды. Тәжік көрермендері күмбірлеген күйімізге деген таңданыстарын жасырмады. Қазақ елінің ерекше өнеріне тәнті болды.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы және Тәжікстан Республикасының екі жақты өзара қатынасы достық сипатта және жоғарғы дәрежедегі саяси ынтымақтастық бағытында дамып келеді. Бүгінде Қазақстанның мәдениет күндері аясында Душанбе, Худжанд және Бохтар қалаларында мәдениетаралық байланыстарды кеңейтуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр.

JQ-Aqparat
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 тамыз, 23:58
Түркістан: Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес өтті
30 тамыз, 23:55
Түркістан полициясы Конституция күнін атап өтті
30 тамыз, 23:53
Түркістан облысында Конституциямен құрдас 140-тан астам полицей қызмет етеді
30 тамыз, 23:51
Түркістан полициясы Конституция күніне орай бірқатар іс-шара өткізді
30 тамыз, 1:50
Түркістан: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
28 тамыз, 19:46
Түркістан: Мереке қарсаңында 180-нен астам полиция қызметкері марапатталды
28 тамыз, 14:57
Түркістан: Арыс ауданында профилактикалық іс-шаралар өтуде
27 тамыз, 15:06
Бекзат Бекжанұлы: Қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетіміз
26 тамыз, 15:52
Түркістан: Мопед тізгіндеушілер, мал ұрлығы және жоғалған бала