Шымкент: Өндіріс орындарының қатары көбейеді

16 шiлде, 14:47


Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымшаһарда өндіріс орындарының көптігімен ерекшеленеді. Олардың қатары тағы да жаңа өндіріс ошағымен толығатын болды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков күні кеше «Guyi Holding Company» құрамына кіретін компания өкілдері үш меморандумға қол қойды. Шаһар ғана емес, бүкіл ел үшін маңызы зор келісімдер мегаполис басшысының Сиань қаласына сапарының нәтижесінде жүзеге асып отыр.


Олардың қатарында электромобильдер шығаратын зауыт құрылысы және ағын суларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін цифрлық жабдықтар шығаратын зауыт салу туралы алдын ала келісімдер, сондай-ақ қаланы көріктендіруге бағытталған жобаларды әзірлеу және қолданысқа енгізу туралы меморандум бар.
Жуырда қала әкімі инвесторларды аумағында электромобильдер шығаратын зауыт құрылысы жоспарланып отырған «Жұлдыз» индустриалды аймағымен таныстырды. Ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру екі кезеңге жоспарланған.
Бұл меморандумдар тек Шымкентте ғана емес, еліміздің өзге де қалаларында да электромобиль өндірісін дамытуға септігін тигізетін стратегиялық маңызды қадам саналады. Қала басшысы инвесторларға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, әкімдік тарапынан тиісті қолдау шаралары жалғасатынын жеткізді.
Сондай-ақ Шымшаһарда қолдан тоқылатын қазақ кілемдерінің цехы ашылғаны да қуанышты жаңалық. Елімізде ерекше балаларға қамқорлық жасауға зор мән беріледі. «Кедергісіз келешек», «Тең мүмкіндіктер әлемі», «Арман әлемі» сияқты қоғамдық қауымдастықтар жоспарлы түрде жұмыс жасауда. Аталған ұйымдар мен инклюзивті білім беруді жүзеге асырып келе жатқан мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының мақсаты бір. Ол – айрықша қамқорлықты қажет ететін балаларды қоғамнан тыс қалдырмау. Сонымен бірге балаға күтім жасайтын ата-аналар да жұмыссыз қалмауы тиіс. Осы мәселені бірнеше жылдан бері назарға алған «Арман Әлемі» кедергісіз қозғалыс заңды тұлғалар қауымдастығы «Qazaq Qazynasy» қазақ қол кілемдері цехының салтанатты ашылуы рәсімін өткізді.


Сөйтіп ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың ата-аналары «Qazaq Qazynasy» цехында тегін оқу курстарынан өтіп, кілем тоқу, киіз басу бойынша жұмыс жасай алады. Цехта әзірге 2 топ бар. Ондағы 5 қыз-келіншек кілем тоқиды, киіз басумен айналасады. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта 4 кілем құрылғысын 10-ға жеткізуді жоспарлап қойыпты. «Qazaq Qazynasy» басшысы Фарида Бәкібаеваның айтуынша, цехта қазақтың кілем тоқуын анықтайтын күрделі техникалар мен көркемдік дәстүрлерді ұстанады. «Арман Әлемі» кедергісіз қозғалыс заңды тұлғалары бірлесіп, Бизнес Инкубатор жобасын іске асырған. Цех ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналар, мүгедектігі бар қыз-келіншектерге арналған. Бизнес Инкубаторда басқа да бизнес бағыттарын ашу жоспарланған.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде