Шымкент: Өңдеу өнеркәсібінде 628,2 млрд теңгенің өнімі өндірілді

03 шiлде, 12:23

Еліміздегі басқа қалалармен салыстырғанда, Шымкент — өндіріс көп шоғырланған, шағын және орта бизнес дамыған қуатты қала. Үшінші мегаполисте өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 902 өнеркәсіптік кәсіпорын бар. Оның өзі 20 шақты ірі, 45 – орта және 837 – шағын өндіріс деп бөлінеді.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары Ермек Тұрманов «Шымкент қаласында кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық, өнеркәсіп, инвестициялар, сауда саласында жарты жылдық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» айтып берді. Бұл туралы Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз жиынында белгілі болды.

2024 жылғы қаңтар – мамыр айларында қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 424,7 млрд теңгенің (2023 жылдың 5 айы – 405,5 млрд теңге) өнімін өндіріп, алдыңғы жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнім көлемі 3,8  пайызға төмендеді.

Өнеркәсіп саласында үлесі 85,4 пайыз құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 628,2 млрд теңгенің (2023 жылдың 5 айы – 349,2 млрд теңге) өнімі өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 94,5 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің төмендеуіне саланың басым бөлігін құрайтын «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның өндіріс көлемінің азаюы есебінен орын алды. Өйткені зауыт энергетика министрлігінің жоспар-кестесіне сәйкес 2024 жылдың 25 наурыздан 23 сәуірге дейін жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндіріс тоқтатылды.

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысымен Шымкент қаласына 203,7 млрд теңге инвестиция тартылып, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 117,4 пайызды құрады. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестициялар көлемі 29,5 млрд теңге, ал жекеменшік инвестициялар 174,2 млрд теңгені құрады.

2024 жылы жалпы 928,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 28,2 пайызға артуы күтілуде.

Қалада 2024-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 2,7 трлн теңгеге 220 инвестициялық жобалардың пулы жасақталған. Онда жаңа 30 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады.

Ал 2024 жылы жалпы құны 262 млрд теңгеге 6336 жаңа жұмыс орындарымен 64 инвестициялық жоба іске асыру жоспарланған.

2024-2028 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі салаларында 532 млрд теңгеге 9,9 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 114 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды.

JQ-Aqparat

Cурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 17:55
Түркістанда Ғазиз Байтасовқа арналған сынып пен кинозал ашылды
Бүгін, 17:35
Түркістан облысында 500 мыңға тарта оқушыға жол қауіпсіздігі бойынша сабақ өткізілді
30 тамыз, 23:58
Түркістан: Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес өтті
30 тамыз, 23:55
Түркістан полициясы Конституция күнін атап өтті
30 тамыз, 23:53
Түркістан облысында Конституциямен құрдас 140-тан астам полицей қызмет етеді
30 тамыз, 23:51
Түркістан полициясы Конституция күніне орай бірқатар іс-шара өткізді
30 тамыз, 1:50
Түркістан: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
28 тамыз, 19:46
Түркістан: Мереке қарсаңында 180-нен астам полиция қызметкері марапатталды
28 тамыз, 14:57
Түркістан: Арыс ауданында профилактикалық іс-шаралар өтуде