jasqazaq.kz

Шымкент: Оңалту орталығы жастарға көмекке келеді

13 тамыз 2024, 13:21

Құмар ойынға құнығу, есірткіге елту, маскүнемдікке салыну — өскелең ұрпақтың болашағына балта шабатын ауыр дерт. Мұндай келеңсіз құбылысқа бүкіл қоғам болып жұмылып күресу, әсіресе, жастарға көмек қолын созу маңызды міндетке айналды. Шымкент қаласында лудомания мен нашақорлыққа, алкоголь сияқты зиянды әрекеттерге тап болған жастарды қоғамға бейімдейтін «Көмек» оңалту орталығы бар. Орталықта психолог, әлеуметтік кабинеттер, жатын бөлмелер, асхана, балалар алаңшалары, мәдени тынығу бөлмелері арнайы жабдықтармен қамтылған.

«Көмек» оңалту орталығының директоры, отбасылық психолог Аманжан Әбікәрімовтың айтуынша, орталыққа келетіндердің басым бөлігі жастар. Ол: «Есірткіге тәуелді адамдар өмірлік қиын жағдайлардан өз беттерінше шыға алмайды. Сондықтан, кез келген оңалту бағдарламасының мақсаты – ең алдымен нашақордың санасына есірткі ешқашан оның проблемаларын шешпейтінін жеткізу. Есірткі оны тек ушықтырып, күннен күнге жаңа қиыншылықтар туғызады. Тәуелдінің түс келбеті мен денсаулығы күннен күнге нашарлап, сыртқы ортамен байланыс үзіліп, жағдайды бағалау қабілеті жоғалады, жақындарымен, дос-жарандарымен қарым-қатынасы нашарлайды. Бұл тек проблемалардың басы ғана. Есірткіге құмарлықтың себебін анықтайтын кәсіби мамандарға уақытында жүгінсеңіз, бәрін түзетуге болады. Дәрігерлерде клиент туралы толық мағлұмат қалыптасқаннан кейін, жеке оңалту бағдарламасы әзірленеді»,- деді.

Аталмыш мекемеде нарколог, психолог, психотерапевт және әлеуметтік қызметкерлер емдеу стандарттарына сәйкес наркологиялық және медициналық көмек көрсету қызметтері бар. 20 төсек орынмен қамтамасыз етілген орталық тәулік бойы жұмыс жүргізетін стационарлық мекеме болып табылады.

Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі мекемесінде лудомания, нашақорлық пен алкогольге тәуелді жастар, кереғар діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсетіледі. Мұнда интернет желісі арқылы скайп жүйесімен онлайнды сұхбаттасу, кеңес алу шаралары жоспарланған.

Орталықтың міндеті – тәуелді адамға затты қолдануды тоқтатуға көмек беріп қана қоймай, тәуелдіні өзімен, адамдармен және осы әлеммен таныстыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасау. Оның психологиялық және рухани бейнесін: өзін ғана ойлайтын тұтынушыдан қоғамның әлеуметтік белсенді мүшесіне дейін өзгерту. Оңалту процесі тек тәуелділерге ғана емес, сонымен бірге олардың жанында тұратын адамдарға да әсер етеді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы «Көмек» оңалту орталығы

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр