Шымкент: Оқушылар арасында өнер байқауы және шахмат сайысы өтті

21 шiлде, 10:52


Жазғы демалыс кезінде оқушылардың уақытын қызықты әрі тиімді өткізудің маңызы зор. Осы орайда Шымшаһарда түрлі байқаулар, спорт жарыстары ұйымдастырылып тұрады. Айталық, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және «PARASAТ» өнер мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен «Өнер өрге жүргізеді» атауымен ерекше байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарын ынталандыру үшін жағдай жасау және өнерге деген құштарлығын қалыптастыру. Әрі мүндай байқаулар баланың дарынын жарыққа шығаруға септігін тигізетіні сөзсіз.
Байқауға «PARASAТ» өнер мектебі қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары сурет пен домбыра тартудан сайысқа түсті. Бас-аяғы 40 шақты бала бақ сынаған өнер додасын қала тұрғындары мен жастар келіп тамашалады.


Жарыс қорытындысы бойынша, сыннан сүрінбей өткендер жүлделі орындарды иеленіп, қаржылай қолдауға ие болды.
Сондай-ақ шаһарда халықаралық шахмат федерациясының 100 жылдығына орай, FIDE100 Guinness World Records Attempt аясында ұйымдастырылған KazChess Fest- 2024 турнирі өтті.
Шахмат турниріне қала тұрғындары арасынан әр жастағы 104 шахматшы қатысып, бақтарын сынап көрді.


Еске сала кетейік, 1966 жылдан бастап жыл сайын 20 шілдеде ФИДЕ «Біз — бр отбасымыз» ұранымен өтетін халықаралық шахмат күнін атап өтеді. Бұл күні бүкіл әлемде шахмат турнирлері ұйымдастырылады.
Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов: «Биыл ФИДЕ өзінің 100 жылдығын тойлауда. Соңдықтан осы жолы бұл күн мүлдем ерекше атап өтіледі. ФИДЕ өз алдында 24 сағат ішінде ойналған шахмат ойындарының ең көп саны үшін Гиннестің рекордтар кітабына ену мақсатын қойды. Бүгінгі тартысты кездесуге қатысушылардың ең кішкентайы 7 жаста. Сонымен қатар 66 жастағы қала тұрғыны да бақ сынауда. «3+2» блиц-турнир түрінде, әр ойыншыға партияға 3 минут, бірінші кезектен бастап әр айналымға 2 секунд қосылады. Швейцария жүйесі бойынша 9 тур болады. Қатысушылар әуесқой болсын, гроссмейстер болсын, бүгінгі жүрістері тарихта қалуы әбден мүмкін, — деді.

Айта кетейік, 1924 жылы 20 шілдеде Парижде 14 елдің өкілдері Халықаралық шахмат федерациясының негізін қалады. Жүз жыл ішінде ФИДЕ мүшелерінің саны 201-ге дейін жетіп, ал шахматты үнемі ойнайтын адамдар саны 800 миллион адамнан асты деген болжам бар.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде