Шымкент: Нейрохирургия орталығы және «Бір күндік клиника» ашылды

06 маусым, 13:33

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық медицина саласын дамыту, тұрғындарға сапалы дәрігерлік көмек көрсету мәселесін ұдайы назарда ұстайды. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Шымшаһардың денсаулық сақтау жүйесінде талай жоба іске асып жатыр.

Жуырда ауыр нейрохирургиялық дертке шалдыққан науқастарға стационарлық көмек көрсетуге бағытталған медициналық орталық №2 қалалық аурухана базасында іске қосылды.

Бұған дейін науқастар қажет қызметтерді алу үшін басқа облыстарға немесе қаладағы медициналық ұйымдарға барып, уақыт оздырып келген болатын. Енді бас-ми жарақаты бар, түрлі ауыр дертке шалдыққан нейрохирургиялық көмекті қажет ететін науқастар осында тәулік бойы жедел түрде қабылданады.

Мұнда оқу орталығы ашылып, резиденттер, отандық және шет елдердің нейрохирургтері оқытылуда.

Жаңа орталықты медицина ғылымдарының докторы, еліміздің білікті нейрохирургы Еркін Жұмағұлұлы Медетов басқарады.
Жыл басынан бері N2 аурухана базасында 150 нейрохирургиялық операция жүзеге асырылды. Күрделі оталар Өзбекстан, Тәжікстан, Молдова, Швейцария елдерінен келген науқастарға да жасалған.

Сондай-ақ Шымкент қаласындағы Қалалық перинаталдық орталығында «Бір күндік клиника» атты жоба жұмыс істей бастады. Бұдан былай жүктілікті жоспарлап жүрген аналар алдын ала анализ тапсырып, денсаулығын тегін тексере алады. Жобаның ерекшелігі болашақ аналар сәбидің саулығын тексеру үшін айлап, апталап медициналық зерттеудің талдауын күтпейді. «Бір күндік клиника» жобасы аясында барлық қажетті талдаудың нәтижесін 30-40 минутта білуге болады.

Пилоттық жобаның ашылуына денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері арнайы келді. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысушыларға алғысын білдіріп, жобаның жемісті болатынын атап өтті.

«Республика бойынша Шымкент қаласындағы балалардың үлесі 40,6 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш басқа қалалармен салыстырғанда оқ бойы алда тұрғанымызды айқындайды. Сонымен қатар, былтырғы жылы жүкті әйелдердің тіркелу саны отыз мыңнан асатын болса, дүниеге келген сәбилердің саны отыз бір мыңнан асты. Өздеріңіз білесіздер әр 15 минут сайын қаламызда еліміздегі әрбір 8 -ші тұрғын дүниеге келіп отыр. Міне, осы тұрғыдан келгенде қаламызда пилоттық жоба аясында емхананың ашылуы біз үшін аса маңызды», -деді Сәрсен Құранбек.

Орталық дәрігерлі мен басқада өңірлерден келген мамандар жобаның іске асырылу тетіктері мен маңыздығын сөз етті.

Дәрігер-генетик Гүлжан Сихымбайқызы өзі сөзінде былай деді: «Жүкті әйелдерге 11 мен 13 аптасының 6 күніне дейінгі мерзімде учаскелік дәрігерден тексеріске жолдама беріледі. Сосын орталыққа келіп, перинаталдық диагностиканы жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи сапалы жабдықтар көмегімен тексерістен өткізіледі. Ұрықтың генетикалық ауруларының биохимиялық маркерлерін бағалау үшін веноздық қан тапсырады. Зерттеу нәтижелерін анықтайтын және оны әрі қарай жалғастыру жолдарын бағалайтын акушер-гинекологтың кеңесін алады. Қажет болған жағдайда медициналық генетик кеңесі беріледі», — деді.

Барлық диагностикалық процедуралар МӘМС қаржыландыру аясында тегін және учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша қабылданады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде