jasqazaq.kz

Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс ұсынылды

17 мамыр 2024, 12:14

Елімізде мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Оларды қоғамдық өмірге бейімдеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған арнайы бағдарламалар бар. Шымкент қаласында қазір 13 158 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 414 жан бар. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, бүгінгі өткен жәрмеңкеде мүгедектігі бар жандарға бос жұмыс орындары ұсынылды.

Іс-шараны Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырып отыр. Жәрмеңкеге қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының «Саяси бөлім» меңгерушісі Ербол Байқонысов және қала мәслихатының депутаттары қатысып, ұсынылып отырған бос жұмыс орындарымен танысты.

«Еліміздің заңында көрсетілгендей, әр азамат еңбек етуге құқылы. Оның ішіне мүгедектігі бар жандар да кіреді. Бұл санаттағы азаматтардың жұмысқа орналасу кезіндегі ерекшелігі — медициналық комиссиядан рұқсат алуы тиіс. Жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдардың еңбек құқығын жүзеге асыруға, қауіпсіз жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау, жұмысқа орналасуға бағытталған жеңілдіктер жүйесі қарастырылған. Азаматтарымыздың қарым -қабілетіне, мүмкіндігіне, мамандығына қарай түрлі ұсыныстар қарастырылған. Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру – оңалтудың ең жақсы тәсілі. Ол материалдық тәуелсіздікті және ең маңыздысы – қоғамда өз орнын табуды көздейді, — деді Жанат Өмірсейітқызы.

Жәрмеңкеде 16 жұмыс беруші, оның ішінде 8-і арнайы квота негізінде келушілерге 600-аса тұрақты бос жұмыс орынын ұсынды. Іс-шараға бас-аяғы 55 жұмыс іздеуші қатысып, нәтижесінде 26 мүгедектігі бар азамат бос жұмыс орнына жолдама алды.
Айта кетейік, жыл басынан бері 1029 мүгедектігі бар азамат Еңбек мобильділігі орталығының көмегіне жүгініп, 378-і жұмыспен қамту шараларына тартылды. Оның ішінде, субсидияланатын жұмыс орындары бойынша «Жастар практикасы» – 13, әлеуметтік жұмыс орындары – 5, қоғамдық жұмыс – 111, «Алғашқы жұмыс орны» – 16, «Күміс жас» бағдарламасы – 31, «Бастау-Бизнес» жобасы шеңберінде 107 адам білім алып, 95 мүгедектігі бар азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрақты жұмыспен қамтуға арналған жәрмеңке алдағы уақытта да өткізіліп тұрады.

JQ-Aqparat

Cуреттер: Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды