jasqazaq.kz

Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жұмыс жәрмеңкесі өтті

19 тамыз 2024, 15:38

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесі мемлекет назарынан сырт қалмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр Жолдауында осы мәселеге айрықша басымдық береді. Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жиі өткізіледі. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жуырда тағы бір жәрмеңке өтті.

Іс-шараны «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы мен Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырды.
«Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығында өткен жәрмеңкеге 15 мекемеден 500-ге жуық тұрақты бос жұмыс орындары және субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 701 мекемеден 1 079 уақытша бос орындар ұсынылды.

Атап айтқанда, субисидияланатын жұмыс орындарынан, яғни мемлекеттік бағдарлама шеңберінде, «Күміс жас» жобасы бойынша 389 мекемеден 461 орын, ал «Қоғамдық жұмыс» жөнінде 312 мекемеден 618 орын жайында ақпарат берілді.

Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының Заңында әрбір мекеме кемінде 2-4% мүгедек жанды жұмысқа алуы қажет делінген. Мұндай қадам мүмкіндігі шектеулі адамдардың ортаға бейімделіп, өмірден өз орнын табуына оң әсерін тигізеді. Еңбек етуге ниетті әрбір азаматтың жеке оңалту бағдарламасы болады. Яғни, сараптама жұмысы жүргізіледі. Соған сай жұмыспен қамту картасы жасалады.

Жәрмеңкеге 50-ден астам мүгедектігі бар азамат қатысып, 11 адам тұрақты жұмысқа орналасуға ниет білдірген. Қалған азаматтарға мамандар жұмыспен қамту шараларына қатысу және кәсіпкерлік бастамаларды дамыту бағыты жөнінде кеңестер берді.
Биыл Шымкент қаласында 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Оның ішінде 1 368-і мүгедектегі бар азамат. Осы жылдың 14 тамыздағы мәліметке сәйкес, 762 ерекше жан жұмыспен қамту шараларына тартылды.

Айталық, 7 адам «Әлеуметтік жұмыс орындары», 20 адам «Жастар практикасы», 120 адам «Қоғамдық жұмыс», 21 адам «Алғашқы жұмыс», зейнеткерлік жасқа дейінгі 34 адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмыспен қамтылса, 261-і «Бастау-Бизнес» жобасы аясында онлайн платформада білім алды. 70 адамға комиссияның шешімімен қайтарымсыз грант берілген. 229 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтарға арналған квота бойынша 54 мекемеге 200 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бүгінгі таңда, 39 мекемеге 111 азамат жұмысқа орналастырған немесе 55,5 пайыз орындалды.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр