jasqazaq.kz

Шымкент: Мерекелік шаралар қала мәдениетіне жаңа серпін беруде

06 қыркүйек 2024, 12:23

Биылғы жыл Шымкент қаласының тұрғындары үшін мәдени іс-шараларымен ерекше естерінде қалады. Соңғы алты ай ішінде 16 ресми және мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, шамамен 30 000 көрермен тартылды. Ал басқармаға қарасты өнер мекемелерінде 3 169 шара ұйымдастырылып, 1,6 миллионнан астам келушілер қатысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынбаев баяндады.

Жыл басынан бері мемлекеттік мерекелердің маңызы ерекше аталып өтті. Халықаралық әйелдер күні мен Алғыс айту мерекесінен бастап, Наурыз мейрамы аясындағы он күндік шаралар мен Ұлыстың ұлы күні кең көлемде ұйымдастырылды. Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған шаралар да тиісті деңгейде өткізілді. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қаладағы білім беру мекемелері мен шығармашылық үйірмелердің қатысуымен «Бала-Шым» фестивалі сәтті өтті.
Қала халқының мәдени демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 27 шілдеден бастап әр сенбі сайын «Шымқала кештері» атты шаралар циклы өтіп жатыр. Бұл шаралар қазан айына дейін жалғасып, жиырма нүктеде он мыңнан астам көрерменді қамтыған.
Шымкент қаласында кәсіби және атаулы мерейтойлар аясында мәдени өмір қыза түсті. Жыл басынан бері бірқатар айтулы шаралар өтіп, қаланың мәдениет саласы ерекше серпін алды. Мәселен, жазушы Момбек Әбдіәкімұлының 65 жылдығына және сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Көрнекті драматург Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай «Қарт Қожа» драмасының премьерасы көрермендер назарына ұсынылған.
Орынтаев Бауыржанның айтуынша, жыл соңына дейін қалада бірқатар маңызды мәдени оқиғалар күтілуде. Атап айтқанда, қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өткізіліп, ақын Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдығына орай жыр мүшәйрасы мен шығармашылық кеш ұйымдастырылмақ.
Сондай-ақ, мәдениет мекемелерінің де айтулы мерейтойларын атап өтуге дайындық қызу жүріп жатыр. А.Пушкин атындағы әмбебап кітапхананың 125 жылдығы, Жұмат Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының 95 жылдығы және Көпшілік орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 70 жылдығы осы жылда кең көлемде тойланатын болады. Бұл іс-шаралар қаланың мәдени өміріндегі маңызды оқиғалар болып, тұрғындардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға үлес қоспақ.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды