jasqazaq.kz

Шымкент: Мерейлі отбасы — ұрпақтар сабақтастығы

24 шiлде 2024, 14:03

Елімізде жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өтеді. Аталаған байқау республика көлемінде өтетін дәстүрлі додаға айналып үлгерді. Қазіргі таңда байқауға қатысқысы келіп, өз өнерлерін паш еткісі келетін отбасылардың қатары көп. Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес. Ал жыл сайын үлгілі отбасылар байқауын өткізудің маңызы зор. Себебі, отбасылық өмір салты, ата-аналық парыз, жауапкершілік ұғымдарын ел санасына сіңіру, әсіресе, жастарға жеткізу, жарасымды отбасы құндылығын кеңінен насихаттау арқылы отбасы құндылықтарын арттыруға болады. Осыған орай, Шымкентте дәстүрлі байқау он бірінші рет өткізілгелі отыр, деп хабарлайды Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Мерейлі отбасы» байқауы – мазмұны мен тәрбиелік жағынан өзгеше іс-шара, яғни аға буынға “Артымда қандай ұрпақ қалдырамын?” деген ой салып, жас буынды әке салған жолды жай ғана жалғастырып қоймай, тың идеялармен байытып, жаңаша қарқынмен жетілдіруге жетелейтін, рухани байытатын шара. Бұл ұлттық байқау – ұрпақтар сабақтастығын жария етіп, елге қызмет етудің ең озық үлгілерін көрсетіп, өнеге алатын байқау ретінде қоғам алдындағы құндылығы жоғары», – деді, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы Айгерім Жұмағұлова.
Айта кетейік, Шымкентте ұлттық конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасылар мамыр-маусым айларында өтініштерін тапсырған болатын. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әр ауданнан 4 үміткер, барлығы 20 отбасы байқаудың екінші қалалық кезеңіне жолдама алды. Олардың қатарында еңбек адамдары және шығармашыл әулеттер, зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар, көпбалалы отбасылар қатысты.

Нәтижесінде, комиссия мүшелерінің шешімімен Сыдықовтар отбасы жеңімпаз атанып, республикалық конкурсқа қатысуға жолдама алды.

Ұлттық байқауға қатысқан отбасылардан оқ бойы озық шыққан отбасыға арнайы диплом мен 1 миллион теңге қаржылай сыйлық табыс етілетін болады. Ал 19 отбасы да қала әкімінің алғыс хатымен және бағалы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.
Шаңырақ шаттығы мен ұлттық тәрбиені ұлықтайтын бұл байқаудың маңызы ерекше. Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Ендеше әрбір жанұя мерейлі, мәртебесі биік болса, қазақ елінің де абыройы асқақ болары анық.

JQ-Aqparat
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр