jasqazaq.kz

Шымкент: Медициналық ұйымдарда науқастарды қолдау қызметі жұмыс істейді

23 мамыр 2024, 12:59

Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жоспары ең басты төрт бағытты қамтиды. Олар — медициналық жәрдем көрсету қызметін жетілдіру, кадрлық ресурсты дамыту, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін және денсаулық сақтау ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту. Осы орайда еліміздің үшінші мегаполисінде біршама жұмыстар қолға алынып, жемісті түрде жүзеге асырылып келеді. Мәселен, жоспардағы бірінші бағытты іске асыру үшін тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қолдау қызметі жолға қойылды.

Бүгінде Шымкент қаласындағы барлық медициналық ұйымдарда науқастарды қолдау қызметі жұмыс істейді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, егер азаматтың тиісті медициналық көрсеткіштері бола тұра жолдама ала алмаса немесе оған медициналық көмек көрсетуден бас тартылса, қаралатын медициналық ұйымдағы «Пациенттерді қолдау және ішкі аудит» қызметіне шағымдануға болады. Мұндай қызметтің басты міндеті — халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімдігін қамтамасыз ету және арыз-шағымдарды «осында және қазір» қағидаты бойынша шұғыл түрде шешуге негізделген.

Науқастың арыз-шағымы емхана деңгейінде дұрыс қарастырылмаған жағдайда «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалына 8-7252-99-76-85 байланыс нөмірі арқылы шағым қалдыруға болады.
Тұрғындар медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты өтініштерін «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы да жолдай алады. Әлеуметтік сақтандыру қорының мамандары медициналық ұйымға хабарласып, ақпаратты анықтайды және медициналық көмек көрсетуден бас тарту себептерін тексереді.

Ал медициналық қызмет алу барысында қосымша сұрақтар туындаса, 1414 байланыс орталығына хабарласып кеңес алуға болады. Telegram-дағы Saqtandyru-bot немесе fms.kz ресми сайтында да өтініш-шағымдар қабылданады.

Сондай-ақ шаһар тұрғындарының денсаулық мәселесі бойынша сауаттылық деңгейін арттыруда мобильді қосымшаларды пайдалану көзделген. Бұған мысал ретінде «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасын айтуға болады. Бүгінгі күні ол медициналық мекемелерге енгізіліп, тұрғындар игілігін көре бастады. Жаңа жоба ең алдымен Шымкент қалалық № 6 емханасына енгізілген еді. Соның арқасында науқастар тегін босатылатын дәрі-дәрмектерге QR-код арқылы қол жеткізетін болды.

JQ-Aqparat

Cуреттер: Шымкент қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды