jasqazaq.kz

Шымкент: Медиацияны дамыту — басты міндет

17 қазан 2024, 15:03

Шымкент қаласында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ-да еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті.

Семинарды Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов ашып, медиацияны дамыту жайына тоқталды.

– Өркениетті қоғамның іргесі заң болса, тұғыры – құқық. Медиация дегенде ең алдымен дауласушы тараптарды құқықтық жолмен өзара келісімге келтіру, заңның үстемдігі арқылы бірлікті сақтау мәселесі айтылады.
Бүгінгі семинар-тренингте медиациямен күнделікті практикалық тұрғыда айналысып жүрген мамандардың пікірлерін тыңдаймыз. Әрі баяндалған нақтылы мысалдар арқылы өз тәжірибемізді ұштайтын боламыз, – деді Н.Құрманұлы.

Екі күнге созылатын семинарға қаладағы мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының өкілдері және этномәдени бірлестіктер мен қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдарының мүшелері, медиация кабинеттерінің үйлестірушілері қатысуда.
Семинар-тренингте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің сарапшысы Талшын Италиева, психолог-конфликтолог Резеда Баймухаметова сынды жоғары білікті мамандар шымкенттік тыңдаушыларға дәріс оқып, білімдерімен және оң тәжірибелерімен бөлісуде.

Семинарда дәріс оқитын жоғары білікті мамандар «Этномедиацияның негіздері», «Этникалық топтардың қатысуымен қақтығыстардың ерекшеліктері», «Қақтығыстарды өрістету кезеңдері», «Локализация әдістері», «Этносаралық шиеленісті анықтау тәсілдері», «Араздық тілі», «Этностереотиптер», «Этномедиатордың құзыреттері», «Дағдылар мен іскерліктерді талдау», «Практикалық кейстерді талдау» тақырыптарында дәрістер, талқылаулар, ой-пікірлерді қайта құрастыру бойынша практикалық дағдыларды түсіндіріп, кейстер негізінде дау-дамайды диагностикалау, реттеу, тараптарды татуластыру сынды тәжірибелермен бөліседі.

Жергілікті қызметкерлер мен медиаторлардың білім-білігін көтеруді көздеген семинар-тренингте этномедиацияның әлеуеті жан-жақты түсіндірілді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті