jasqazaq.kz

Шымкент: Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды

23 шiлде 2024, 2:28

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте жылу маусымына дайындық және мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерде, БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері қаралып, мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау қорытындысы талқыланды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің иәдіметінше, жиын барысында қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р.Меңдіқұлов жылу маусымына дайындық жұмыстарын баяндады. Бүгінде бөлек орналасқан 26 жылу қазандығының 13-і және орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциясы дайындалған, қалған 7 нысанда жұмыстар жалғасуда. Әзірлік шаралары қала аумағындағы 2107 көпқабатты тұрғын үйде, 469 бюджеттік мекемеде жүргізілуде. Басқарма басшысы жылу маусымына бағытталған жұмыстардың қарқынды жүргізіліп жатқанын да айтып өтті. Ал тиісті шараларды қолдануды өз бақылауына ала тынын да ескертті.
Қала әкімі сала және аудан басшыларына жылу маусымына дайындық жұмыстарын сапалы атқарып, 1-қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар халықты үздіксіз, сапалы жылумен қамту үшін өзекті мәселелерді ашық жеткізіп, дер кезінде шешім қабылдауды ескертті.
Ал өз кезегінде Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы А. Жұмақұлова мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі, БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері бойынша баяндама жасады. Қала басшысы аудан әкімдері мен басқарма басшыларына азаматтармен кері байланысты күшейтіп, түсіндірме жұмыстарын сапалы, шұғыл, жүйелі жүргізуді қадағалауды тапсырды.
Мәжіліс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы А. Даткаев жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау шараларын қорытындылады. Қала әкімі аппараты және қала әкімдігіне қарасты аудан әкімі аппараттары мен басқармалары тарапынан 172 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Қала басшысы жауаптыларға құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, халыққа адал қызмет көрсетуді ескертіп, нақты тапсырмалар берді. Жиын барысында бөлім бас шыларына өз салалары бойынша ескертулер айтылды.
Өзекті талқылаулар айтылған жиында аудандар мен барлық салада атқарылып жатқан жұмыстар пысықталып, мәселелердің шешілу жолдары қарастырылды.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?