jasqazaq.kz

Шымкент: Күн тәртібінде – жастар тәрбиесі

03 мамыр 2024, 15:47

Жастар арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу, қылмыстың алдын алу сияқты келеңсіз құбылыстарға жол бермеуде түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сондықтан Шымкент қаласында мектеп оқушылары және студенттермен кездесу жиі ұйымдастырылады. Сондай шараның бірін құқық қорғау органдары саласының мамандары Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №78 жалпы орта білім беретін мектебінде 8 -11 сынып оқушылары арасында өткізді. Кездесуде құқық бұзушылық пен әлімжеттік жасау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері сөз болды.

Жиналысты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Б.Қарабаев сөз сөйлеп ашып, күн тәртібіндегі тақырыптарға тоқталып өтті. Одан кейін Әділет департаментінің басшысының орынбасары А.Исабекова жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен әлімжеттіліктің алдын алу, нашақорлық пен алкогольдік ішімдіктерден бойды аулақ салу керектігіне тоқталды. Сондай-ақ сабақтан себепсіз қалатын оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтау керек екенін ескертті.

Жас жеткіншектердің қылмысқа бой ұру мәселесі тек құқық қорғау органдарының ғана емес, ата-ананың, мектеп, арнаулы оқу орындары мен басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қадағалауын талап етеді. Себебі психолог мамандардың зерттеуінше, жеткіншектің саналы азамат болып қалыптасуында оның отбасында, мектеп қабырғасында, көшеде көргендері әсерін тигізеді. Ал сабақтан тыс уақыттарда, каникул кездерінде демалыс маусымдарының дұрыс ұйымдастырылмауы, көшедегі келеңсіз оқиғалардың көптігі жасөспірімдердің қылмыс жасауына әкеп соқтыруы мүмкін.

Тұран аудандық  полиция департаментінің жасөспірімдердің инспекторы, полиция майоры Ж.Іргебаев елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынғанын ескертті. Өскелең ұрпақтың  тәрбиесі  төңірегінде тұшымды ойлар айтылып, мектептің ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау керек екенін түсіндірді.

Сондай-ақ интернет-алаяқтық белең алған бүгінгі күні оған қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек Сондықтан Шымкент қаласы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының «CyberPol» тобының қызметкерлері Шымкент қаласы әкімдігі «Жастар ресурс орталығының»  қызметкерлері бірлесе отырып, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жеке құрамы арасында және студенттерге интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстардың алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бұл жиында небір қитұрқы әдіс-тәсілдерді қолданатын интернет-алаяқтардан сақтану кеңестері, сондай-ақ оның көбеюіне себепкер болған факторлары, сондай-ақ интернет-алаяқтық қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында айтылды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды