Шымкент: Көрерменге шаттық сыйлаған «Шамсинур»

17 мамыр, 14:29


Еліміздегі ең көне музыкалық оқу орындарының бірі — Шымкент саз колледжінде 20 жыл бұрын, 2003 жылы жаңа «Хореографиялық өнер» бөлімі ашылып, «Шамсинур» халық би ансамблі құрылған болатын. «Шамсинур» — араб тілінен аударғанда шамси — күн, нұр – сәуле деген мағына білдіреді.
Міне, «Шамсинур» халық би ансамблінің есептік концерті «Жастар ресурстық орталығында» өтті.


Ұжымның жарқын энергетикасы өз жұмысында әр түрлі халықтардың би мәдениетінің этно-фольклорлық дәстүрін, халықтық-сахналық билерді қоюда, сондай-ақ классикалық нөмірлер мен заманауи хореографияны үйлесімді үйлестіреді. «Шамсинур» би ансамблінің көркемдік жетекшісі-Н.Лачук «Мәдениет саласының үздігі» атағын иеленген. Ал «Хореографиялық өнер» бөлімінде қаладағы және облыстағы танымал хореографтар жастарға білім беріп, қызмет етеді. Олар: философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Мәдениет қайраткері, «Білім беру ісінің үздігі» С. Тлеубаев, мәдениет майталмандары — О.Мұсалиева, М. Исаева, С.Мырзаев, Л. Дейна, Г.Қорғанбаева.
Соңғы 20 жылда «Хореографиялық өнер» бөлімін көптеген талантты студенттері бітірді. Түлектердің көпшілігі жоғары оқу орындарына түсіп, оқуын жалғастырады. Елгн танымал би ұжымдарының шақыруымен «Қазына» этно-фольклорлық би ансамблі, мемлекеттік филармонияның «Ясы» би ансамблі, мемлекеттік филармонияның «Фараб» би тетрасы, қалалық Опера және балет театры және басқа да би ұжымдарына шақырылған түлектер де бар.


«Шамсинур» ансамблінің соңғы жылдардағы жетістіктеріне тоқталсақ:
2017 жылдың қараша айында «Түрксой» іс-шарасы аясында өткізілген «Бұраң бел» байқауында 3 орын алды. 2017 жылы «Дельфий ойындарында» 1 орынды иеленді. Сондай-ақ XIII Халықаралық Дельфий ойындарында 3-ші орынды иеленді. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 3-ші Халықаралық би байқауында Гран-при алды.
2022 жылы қазанда «Шамсинур» ансамблі қазақ би өнерінің негізін қалаушы, тарихшы Шары Жиенқұлованың 110 жылдығына арналған алғашқы республикалық «Қамажай» телевизиялық байқауына қатысты.
Қысқасы, 20 жыл ішінде «Шамсинур» өзін кәсіби және дарынды ұжым ретінде көрсетті. «Шамсинур» ансамблі өзінің шығармашылығымен Шымкент қаласында ғана емес, еліміздің басқа да облыстарында танымал. Бөлім оқытушылары мен оқушылары қалада, облыста және республикада өткізілетін барлық қоғамдық-мәдени іс-шараларға белсенді қатысады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласының Білім басқармасы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде