Шымкент: Контент-мейкерлер клубы туризмді дамытуға көмектеседі

19 шiлде, 11:43


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы маусым айында туризмді дамыту жөніндегі кеңесте туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамуына ықпал етіп отырған әрі инвесторлар үшін тартымды сала екенін атап өтті. Президент: «Бүгінде әлемдік жалпы өнімдегі туризмнің үлесі 9 пайыздан асты. Дүниежүзіндегі жұмыс орындарының шамамен 10 пайызы туризмге тиесілі. Әрбір төртінші жұмыс орны осы салада ашылып жатыр. Көрсетілетін қызметтер бойынша әлемдік экспорттың 30 пайызы, инвестицияның 7 пайызы және салық түсімдерінің 5 пайызы туризм арқылы түседі. Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға мол мүмкіндік бар, экологиялық туризмнен бастап бизнес туризміне дейін дамытуға болады», – деді.
Мемлекет басшысының туризмді дамыту туралы тапсырмасы Шымкент қаласында бұлжытпай орындалып жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «2024 жылдың І жарты жылдығында Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар саласында атқарылған жұмыстары туралы» брифингте кеңінен айтылды. Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Бексұлтан Әділханов шаһарды туристер үшін тартымды ету бағыттарына тоқталып өтті.
Шымшаһарда сырттан келгендерді қызықтыратын нысандар көп. Олардың ішінде Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелері, Арбат жаяу жүргіншілер аймағы, «Shymqala» тарихи-мәдени кешені, Бәйдібек би ескерткіші, Зообақ, Сейітжан Қари мешіті, Қошқар ата өзені ерекше тартымды болып отыр. Бұдан бөлек, Қазақстандағы алғашқы Дендрологиялық саябаққа туристер бас сұқпай кетпейді.
Қала аумағында республикалық маңызы бар 7 тарихи-мәдени нысан орналасқан (Ибрагим ата, Қарашаш ана, Әбдел Әзіз баба, Қожа салық, Мірәлі баба, Қызыр мұнарасы, Сайрам қалашығы).
Аталған нысандардың ішінде Хызыр, Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін жылдың соңына дейін, жеке инвесторлардың есебінен абаттандыру жоспарланған.
Биыл 5 маусымда Шымкент қаласының дарынды жастарымен бірлесе «Контент мейкерлер» клубы құрылды. Клубтың басты мақсаты қаланың туристік әлеуетін видео және фотомалериалдар арқылы әлеуметтік желілерде жариялау мен насихаттау. Қазіргі таңда клубка 15 адам мүше.
Шымкент қаласының туристік саласын жарнамалау бойынша 50 фото және 110 видеоматериал шығып, әлеуметтік желілерде жарық көрді.
Аталған ақпараттар халық арасында таралып, маңызды туристерді тартатын тетік қызметіне айналуда. Жалпы қаралым саны 1,5 миллионға жеткен.
Туристерді тартудың бірден-бір құралы қаланы жарнамалау. Осы мақсатта 28-30 маусым аралығында 15 шетелдік және 15 отандық блогерлерге ақпараттық-блог тур ұйымдастырылды.
Блог турдың қорытындысы бойынша Түркия, Мысыр, Латвия, Әзірбайжан және Қырғызстан елдерінен келген блогерлер 310 видео бейнематериал түсіріп, 108 пост жариялады. Жалпы жарнамалық қаралым саны 4 676 мың адамды қамтыған.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде