Шымкент: Көк байрақты желбіреткен өрендер

17 мамыр, 14:54


Шымкентте спортпен айналысып, түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орыннан көрініп жүрген жастар көп. Солардың бірі — Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы N9 IT лицейінің 11 сынып оқушысы Төлебек Нұрасыл. Жақында ол Астана қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатына 54 келі салмақтағы боқстан өнер көрсетіп, қола жүлдегері атанды.

Нұрасыл — Корея, Индия, Өзбекстаннан келген жас боксшылармен додаға түсіп еді. 35 мемлекеттен 500-ден астам былғары қолғап шеберлері қатысқан додада қола жүлдеге қол жеткізу оңайға соқпағаны анық. Нұрасыл бұған дейін де талай жарыста жарқырап көзге түскен. 2023 жылғы Ереван өткен әлем чемпионатында бірінші орынды жеңіп алған. Өткен жылы Астана қаласында өткен Азия чемпионатының 2 орын иегері атанды, Мектепті бітірмей жатып бокстан спорт шебері атанды.

Шымшаһарда тағы бір оқушы Астанада өткен Азия чемпионатында алтын алқа иеленгені – тамаша жетістік. Бокстан 75 келі салмақта өнер көрсеткен Санжарәлі Бегалиев — Білім басқармасына қарасты № 104 Е. Юсупов атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы. Вьетнам, Өзбекстан, Қырғызстан боксшыларымен қолғап түйістірген жас спортшы Үндістан боксшысы Рахул Кундуды 4:1 есебімен ұтты.
Санжарәлі Бегалиев — еліміздің 2 дүркін чемпионы болған. Иордания, Әзірбайжанда өткен байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғаған.

Күні кеше Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен шымкенттік Қуандық Бектас Бекалиұлы джиу-джитсудан жастар арасында Азия чемпионы атанды.
Әбу-Даби қаласында өткен Азия чемпионатында 30 мемлекет, 1100 спортшы бақ сынасты. Шымкент тумасы, №66 Қазығұрт жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Бектас Қуандық араб, өзбек Таиланд, елінің спортшыларына дес бермеді.

Бектас Бекалиұлы бала кезден көзге түсіп жүрген спортшы. 2018 жылы — 8-9 жас аралығында Бишкекте өткен Азия Кубогінде алтын медальға қол жеткізген. 2019 жылы 10-11 жас аралығында жекпе-жектен Ақтауда өткен республикалық чемпионатта бас жүлдені, Таразда өткен халықаралық турнирде алтын жүлдені жеңіп алған бала. 2021жылы 12-13жас аралығында Кикбокстан Шымкент қаласында өткен жарыста тағы да алтын тақты. 2022 жылы — 12-13 жас аралығында джиу-джитсудан Астанада өткен песпубликалық чемпионатта бас жүлдеге қол жеткізіп, Испанияға жолдама ұтып алды, Атырау қаласында Қоян-қолтық ұрыстан өткен Республикалық Қазақстан Чемпионатында чемпион атанып, Дубай еліне жолдама ұтып алды. Сонымен қатар, 12-13жас аралығында Еркін күрестен Республикалық Қазақстан Чемпионатына жолдамасына ие болды. 14-15 жас аралығында қоян-қолтық ұрыстан ел чемпионатында чемпион атанды.

Шымкенттен шыққан осындай жас өрендер талай әлемдік жарыстарда еліміздің көк байрағын желбіретеріне күмән жоқ!

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласының Білім басқармасы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде